16-сабақ. Сіз қазір не істеп жатырсыз?

2682 просмотров Добавлено 20 декабря

1. Тіл ширату. Құттықтау сөздерін оқып, жаттап алыңыз.

 

Құрметті              ...               !

Сізді (сіздерді) Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!

Осы салтанатты күні Сізге (сіздерге) және отбасыңызға (отбасыларыңызға) зор денсаулық, ұзақ өмір, табыс, сәттілік тілеймін.

 

Құрметті              ...               !

Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Осы салтанатты күні Сізге (сіздерге) және отбасыңызға (отбасыларыңызға) зор денсаулық, ұзақ өмір, табыс, сәттілік тілеймін.

 

Құрметті              ...               !

Сізді (сіздерді) келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймын!

Сізге (сіздерге) бақыт пен қуаныш, табыс пен береке-бірлік тілеймін!

 

Құрметті              ...               !

Жаңа жыл құтты болсын!

Жаңа жыл бақыт, қуаныш, береке-бірлік әкелсін!

 

2. Үй тапсырмасын тексеру

1) Көп нүктенің орнына тиісті жіктік жалғауларын қойыңыз.

 

1) Мен жұмыста жүр...        . 2) Марат пен Болат мәжіліс бөлмесінде отыр... . 3) Ол өз кабинетінің жанында тұрған жоқ...    . 4) Сіз кереуетте жатыр...    . 5) Сендер саябақта жүр...          ме? 6) Жұмысшылар қайда жүр... ? 7) Сіздер қонақ үйде жатқан жоқ...         . 8) Сен бастықтың алдында отыр...     ба? 9) Біз сенбілікте жүрген жоқ...     . 10) Олар мектептің артында тұр...        .

 

2) Сұрақтарды аударып, оларға жауап беріңіз.

 

Где вы ходите?

Где ты сидишь?

Где лежат документы?

Где мы стоим?

 

3. Қысқаша сұхбаттарды оқыңыз.

 

Сен не істеп жатырсың?

Кино көріп жатырмын.

 

-  Сіз қазір не істеп жатырсыз?

Телефонмен сөйлесіп жатырмын.

 

Не істеп отырсың?  

Музыка тыңдап отырмын.

 

4. Грамматика

Күрделі нақ осы шақ. Сложная форма собственно-настоящего времени образуется по следующей схеме:

основной глагол    вспомогательный глагол

көріп жатырмын, сөйлесіп отырмын, тыңдап тұрмын, оқып жүрмін

 

Основа глагола +  -ып, -іп,  -п       вспомогат. глагол + личные окончания

                                                     отыр, тұр, жүр, жатыр

Жекеше түрі                                        Көпше түрі

І жақ.                 Мен оқы-п отыр-мын.          Біз оқы-п отыр-мыз

ІІ жақ.       Сен оқы-п отыр-сың.            Сендер оқы-п отыр-сыңдар.

ІІ жақ.       Сіз оқы-п отыр-сыз.             Сіздер оқы-п отыр-сыздар.

ІІІ жақ.      Ол оқы-п отыр.                     Олар оқы-п отыр.

 

Ескерту:

отыр – указывает на то, что действие происходит в данный момент речи (преимущественно сидя): Әділ кітап оқып отыр. Мен шай ішіп отырмын.

тұр – указывает на то, что действие происходит в данный момент речи (преимущественно стоя): Ол маған айтып тұр. Сіз маған қарап тұрсыз.

жатыр – придает действию постоянный характер и указывает на длительность: Балам институтта оқып жатыр. Сен тапсырманы орындап жатырсың.

жүр – указывает на постоянный характер действия или его повторяемость: Мен зауытта жұмыс істеп жүрмін. Әріптесім жұмысқа №1 автобуспен барып жүр.

 

5. Пысықтау жаттығулары

1) Сұраққа төмендегі сөйлемдерді пайдаланып жауап беріңіз.

 

Сіз қазір не істеп жатырсыз?

Что вы сейчас делаете? Чем вы заняты в данный момент?)

Мен Астанада жұмыс істе-п жүр-мін.

Мен Алматыда тұр-ып жатыр-мын.

Мен музыка тыңда-п отыр-мын.

Мен Бурабайда демал-ып жатыр-мын.

Мен телефонмен сөйлес-іп жатыр-мын.

Мен кино көр-іп жатыр-мын.

Мен анама көмектес-іп жатыр-мын.

 

 

 

2) Қысқаша сұхбатқа тиісті сөз орамын табыңыз. / Подберите выражение к мини диалогу

 

А: ... ... .... .... ...    .

В: Жаңалықтар көріп жатырмын.

 

Жауаптар варианттары:

Үйде не істеп жатырсың?

Сұрауға бола ма?

Мен қонаққа бара жатырмын, сен ше?

Жаңа мектеп қай жерде?

А: Сіз не істеп жатырсыз?

В: ... ... ...  ....       .

Жауаптар варианттары:

Мен жұмыста демаламын.

Сен тамақ ішіп отырсың.

Мен тапсырманы орындап жатырмын.

Ол дүкенде жұмыс істейді.

 

3) Берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

 

1) Мен не істеп отырмын?               Сен кітап оқы...            ...      .

2) Сен не істеп жүрсің?                  Мен спортпен шұғылдан...             ...      .

3) Мен не істеп жатырмын?            Сіз сурет сал...             ...      .

4) Біз не істеп жүрміз?                   Біз қазақша үйрен...              ...      .

5) Біз не істеп отырмыз?                 Сендер теледидар қара...       ...      .

6) Біз не істеп тұрмыз?                   Сіздер музыка тыңда...          ...      .

7) Сендер не істеп жатырсыңдар?   Біз демал...                  ...      .

8) Сіздер не істеп тұрсыздар?                  Біз өлең жатта...           ...      .

9) Олар не істеп жатыр?                 Олар ұйықта...             ...      .

10) Ол не істеп жүр?                      Ол институтта оқы...              ...      .

 

6. Назар аударыңыз! 

 

бару           апару                 келу                   әкелу

бар+а 

кел+е                  жатыр+ личные окончания

апар+а

әкел+е

Мысалы: Мен жұмысқа бара жатырмын. Сен дүкеннен келе жатырсың. Сіз құжаттарды әкімшілікке апара жатырсыз ба? Ол кеңсе заттарын әкеле жатыр. Біз демалуға бара жатырмыз. Сендер сусындарды кімге апара жатырсыңдар? Сіздер ауылдан келе жатырсыздар ма?

 

7. Сөйлемдерді толықтырыңыз.

1)                       ...                       бара жатырсың.

2)                       ...                       келе жатырмыз.

3)                       ...                       апара жатыр.

4)                       ...                       әкеле жатырмын.

5)                       ...                       бара жатырсыз.

6)                       ...                       апара жатырсыңдар. 

 

8. Үй тапсырмасы.

1) Сұхбаттарды оқып, аударыңыз.

1-сұхбат

- Қайырлы таң, Әлима апай!

- Саламатсың ба, балам!

- Жағдайыңыз қалай? Қайдан келесіз?

- Рақмет, бәрі жақсы. Мектептен келе жатырмын, немерем 1-сыныпқа барды.

- Құттықтаймын. Мектеп қай жерде, алыс емес пе?

- Жоқ, алыс емес.

- Жақып атаның денсаулығы қалай? 

- Қазір жақсы, «Көктем» шипажайында демалып жатыр.

 

2-сұхбат

(Айша көшеде на улице встретила подругу детства Газизу.)

 

Айша: - Сәлеметсің бе, Ғазиза! Танымай қалдың ба?

Ғазиза: - Саламат па, Айша! Көрмегелі көп болды. Жағдайың қалай?

Айша: - Шүкір, жаман емес. Өз жағдайың қалай?

Ғазиза:  - Рахмет, жақсы. Айша, сен түк өзгермепсің! Қазір қайда тұрасың?

Айша: - Біз қазір осында, Алматыда тұрып жатырмыз. Жолдасымның аты – Қуаныш.  Ұлым балабақшаға, қызым мектепке барып жүр. Ал сен ше?

Ғазиза:  - Менде де бәрі жақсы,  Таразда тұрамын. Емханада жұмыс істеп жатырмын.

Айша: - Қазір қайда бара жатырсың? Үйге жүр, қонақ бол.

Ғазиза:  - Көңіліңе рақмет, Айша. Кешір, мен семинарға асығып бара жатырмын. Кейін телефон соғамын.

Айша: - Жақсы, кездескенше!

Ғазиза: - Сау бол.

 

2) Берілген етістіктерді нақ осы шақта жіктеңіз.

         Бастау, аяқтау, апару, әкелу