23-САБАҚ (уровень A2). САЯХАТ ЖАСАҒЫМ КЕЛЕДІ

2922 просмотров Добавлено 10 июля

1.   Тіл ширату.

1)   Қарама-қарсы сөздерді тауып, мақалдың мәнін ашыңыз.

 

        Ең тәтті де – тіл ,

        Ең ащы да – тіл,

        Ең жұмсақ та – тіл,

        Ең қатты да – тіл.

 

2)   Мәтінді мұқият оқыңыз

 

Өркениеттің ірге тасы

 

“Кітап – асыл досымыз. Жақсы кітап – жақсы қоғам сияқты. Жақсы кітап – ақылды адамның әңгімесемен бірдей. Кітап өміріңнің қиын кездерінде сенімді досың болады.

Кітаптар – кәріліктің  жақсы достары, сонымен бірге жастықтың ең жақсы жетекшілері. Кітап – адамзат ақыл-ойының інжу-маржанын бойына жинайды да, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді. Мәдениетті адам болып тәрбиеленуге екі күш әсер  етеді – көркем өнер мен ғылым. Бұл екеуімен де кітап бетінде кездесесің.

Білімге құмартып, кітапты бүкіл жан-дүниеңмен сүй. Ол сенің ең жақсы досың ғана емес, өміріңнің соңына дейінгі сенімді серігің. Өз ктіпханаңды жинай біл.

Өз бойымдағы барлық ең жақсы қасиеттерім үшін кітапқа қарыздармын. Егер мен байысам, тек қана кітап сатып алар едім.

 

А. Мәтінді тыңдап, шын немесе жалған жауабын табыңыз.

СҰРАҚТАР

Шын

Жалған

а) Жақсы кітап – жақсы адам сияқты.

 

 

б) Кітап – асыл досымыз.  

 

 

в) Кітап – адамзат ақыл-ойының інжу-маржанын бойына жинайды да, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді.

 

 

г) Кітап өміріңнің жақсы кездерінде сенімді досың болады.

 

 

д) Білімге құмартып, кітапты бүкіл жан-дүниеңмен сүй.

 

 

е) Мәдениетті адам болып тәрбиеленуге екі күш әсер  етеді – тәрбие мен кәсіпкерлік.

 

 

ж) Егер мен ғалым болсам, тек қана кітап сатып алар едім. 

 

 

з) Кітаптар – кәріліктің  жақсы достары, сонымен бірге жастықтың ең жақсы жетекшілері. 

 

 

 

Ә. Мына сөздердің қарама-қарсы мағынасын беріңіз.

1. Асыл-                                           

2. Дос -                                   

3. Жақсы -                               

4. Қиын -                                          

5. Кәрілік –                                

6. Бай -                                      

 

Б. Сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Кітап – досым деп ойлайсыз ба?
2. Тарихи кітаптар ұнайды ма?
3. Соңғы кезде қандай кітаптар оқыдыңыз?
4. Мамандығыңызға қатысты кітаптар жинайсыз ба?

 

МЕН КӨП САЯХАТ ЖАСАҒЫМ КЕЛЕДІ,

СЕБЕБІ ЕЛ АРАЛАУ ҰНАЙДЫ

 

ГРАММАТИКА

 

Етістік + -ғы/гі/қы/кі + жіктік жалғау       келеді

келді

келіп отыр(тұр, жатыр)

келіп жүр

_____________________________________________________________

 

Менің  оқы + ғы + м   келеді

 

Сенің барғың келеді

Сіздің барғыңыз келеді

Оның барғысы келеді

 

  1. 1.    Сөйлемдерді толықтырыңыз.

 

Менің ән айт...... . Болаттың шаңғы теп..... . Сенің тамақ іш..... . Біздің балмұздақ же...... . Сіздердің ұшақпен ұш.... .Сіздердің саяхат жаса..... .

 

  1. 2.    Оқыңыз.

 

болашақ

өткен

қазір

Үнемі/ылғи

- Сіздің демалғыңыз келе ме?

келді ме?

келіп тұр ма?

келе ме?/

келіп жүр ме?

- Сенің демалғың келе ме?

келді ме?

келіп тұр ма?

келе ме?/

келіп жүр ме?

- Иә, менің демалғым келеді.

келді

келіп тұр

келеді /

келіп жүр

- Жоқ, менің демалғым келмейді/ келген жоқ.

келмеді

келіп тұрған жоқ

келмейді/ келіп жүрген жоқ

- Сіздердің демалғыларыңыз келе ме?

келді ме?

келіп тұр ма?

келе ме?/

келіп жүр ме?

- Сендердің демалғыларың келе ме?

келді ме?

келіп тұр ма?

келе ме?/

келіп жүр ме?

- Иә, біздің демалғымыз келеді.

келді

келіп тұр

келеді /

келіп жүр

- Жоқ, біздің демалғымыз келмейді/ келген жоқ.

келмеді

келіп тұрған жоқ

келмейді/ келіп жүрген жоқ

 

  1. Мағынасы сәйкес сөйлемді табыңыз.

 

1)

Сізді театрға шақырғым келеді,

өйткені оларды қатты сағындым.

Сенің ұйқың келмейді,

себебі олардабос уақыт көп.

Менің қазақ тілін үйренгім келеді,

себебі сізге балет ұнайды деп естідім.

Балалардың спортпен айналысқысы келеді,

өйткені күндіз ұйықтадың.

Ата-анамды көргім келеді,

себебі Қазақстанда тұрамын.

 

2)

 

Бүгін ауа-райы тамаша болып тұр,

сондықтан қазақ достарымды құттықтағым келеді.

Маған қазақтың тағамы ұнайды,

сол себепті сыйлық алу керек.

Досымның туған күніне барғым келеді,

сондықтан саябақта серуендегім келіп тұр.

Ертең 22-наурыз, Қазақстанда жаңа жыл мерекесі,

сол үшін қазақтың мейрамханасына барғым келеді.

 

4.    Сұхбатты оқыңыз.

 

- Сәлем, Ғалия!

- Сәлем, Жұлдыз!

- Қайда бара жатырсың?

- Әуежайға бара жатырмын.

- Не үшін?

- Ұшаққа билет сатып алу үшін бара жатырмын.

- Ұшаққа?! Қайда барғың келеді?

- Мен Қытайды көргім келеді.

- Зерттеу үшін керек пе?

- Иә, зерттеу үшін. Сондай-ақ, Қытай – өте ірі және мықты мемлекет. Тарихы да қызық. Сондықтан өз көзіммен көргім келеді.

- Тамаша, Қытайға менің де барғым келеді, бірақ, өкінішке орай, қазір мүмкіндігім жоқ. Сен қашан және қанша уақытқа барасың?

- Ешер ұшаққа билет болса, осы жексенбі күні ұшамын. Бәрі жақсы болса, Қытайда екі апта болғым келеді.

- Қай жерлерді, қай қалаларды көргің келеді?

- Қытайға барғанда Пекинді және Ұлы Қытай қорғанын көргім келеді.

- Керемет, сен тарихшысың ғой, сондықтан бәрін көріп білгенің дұрыс. Жолың болсын!

-  Рақмет.

-  Кездескенше!

-  Кездескенше!

 

Тапсырма: Ғалияның қайда барғысы келді, не үшін?

 

 

5.    Мәтінді оқыңыз.

 

Менің атым – Ержан. Мен университетте тарих факультетінде оқимын. Болашақта мықты маман болғым келеді. Ол үшін ең алдымен өз елімнің тарихын, мәдениетін жақсы білуім керек. Сондықтан қолым бос болса және ақшам болса, саяхат жасауды ұнатамын. Биыл қысқы демалысымда Түркістан қаласына барып, Қожа Ахмет Ясауи кесенесін көргім келеді.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – қазақ және Орта Азия жеріндегі ірі тарихи ескерткіш. Оны Әмір Темірдің бұйрығымен 1396-1404 жылдары салған.

Түркістанға пойызбен және автобуспен баруға болады. Менің пойызбен барғым келеді. Себебі пойыз ыңғайлы. Ол үшін екі апта бұрын вокзалға барып билет алу керек.

 

Тапсырма. Ержанның қайда барғысы келеді екен?

 

  1. 6.    Сөйлемдерді толықтырыңыз.

 

1.Болашақта .....................................................................       болғым келеді.

2.Ол үшін алдымен ....................................................   жақсы білуім керек.

3.Сондықтан ........................................................  саяхат жсауды ұнатамын.

4.Биыл қысқы демалысымда ..............................................    көргім келеді.

5. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – ...............................................  ескерткіш.

6. Оны ................................................................ 1396-1404 жылдары салған.

 

 

  1. 7.    Сөйлемдерді аяқтаңыз.

 

 

ОҚЫҢЫЗ, ҚЫЗЫҚ!

 

ТАЙҚАЗАН

 

Әмір Темір тапсырысымен бұл қазан 1399 жылы 25 маусымда Түркістан қаласының батысында, 27 шақырым жерде орналасқан Қарнақ деген жерде құйылған, салмағы екі тонна, сыйымдылығы үш мың литр.

1935 жылы, қазанды Санкт-Петербордағы атақты мұражай Эрмитажға Иран шеберлерінің ІІІ халықаралық конференциясына алып кетеді. Жарты ғасырдан астам уақыт сонда тұрған Тайқазан 1989 жылы, қыркүйектің 18-нде ғана елге қайтарылды.

Қазір Тайқазан киелі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде, Қазақстанның берекесі, тыныштығы мен бірлігінің нышаны болып тұр.

 

ЖАҢА СӨЗДЕР

 

арманда – мечтать

асығу – торопиться

бұйрық – приказ

ені – ширина

жер шары – земной шар

кесене – мавзолей

кешігу – опаздывать/задерживать

киелі – святой

күмбез – купол

құйылу – сливать

нышан – символ

салмақ – вес

сыйымдылық – емкость