1. Тіл ширату / Языковая разминка
А) Сәлемдесу / Приветствие:
- Сәлеметсіз бе? Қалыңыз қалай?
- Қайырлы таң! Көңіл-күйіңіз жақсы ма?
- Амансыз ба? Жұмысыңыз қалай?
- Саламатсыз ба? Денсаулығыңыз қалай?
- Қайырлы күн! Не жаңалық бар?
В) Берілген сөз орамдарын қазақ тіліне аударыңыз. / Переведите данные речевые обороты на казахский язык.
Привет! Доброе утро!
Добрый вечер! Здравствуй!
Здравствуйте! Прощай!
До свидания! Прощайте!
До встречи! Пока!
Я Ты
Вы Он
C) Мақалды оқып, жаттап алыңыз. / Прочитайте пословицу, выучите ее.
Сақтықта қорлық жоқ, сәлемде зорлық жоқ.
(В осторожности нет зазорного, в приветствии нет принуждения.)
2. Үй тапсырмасын тексеру / Проверка домашнего задания
3. Сөйлеп жаттығамыз. / Учимся говорить.
- Менің атым Үрзада. Сенің атың кім?
- Менің атым ... .
- Менің атым Үрзада. Сіздің атыңыз кім?
- Менің атым ... .
- Танысайық. Менің атым Үрзада. Сіздің атыңыз кім?
- Менің атым ... .
- Танысқаныма қуаныштымын!
- Мен де.
- Танысайық. Менің есімім Үрзада. Сіздің есіміңіз кім?
- Менің есімім ... .
- Танысқаныма қуаныштымын!
- Мен де танысқаныма қуаныштымын.
4. Есте сақтаңыз. / Запомните.
ат, есім – имя
аты-жөні – полное имя, происхождение
әріптес – коллега
дос – друг
жұмыс – работа
жұмыс істеу – работать
қуаныш – радость
құрбы – подруга
рұқсат – разрешение
рұқсат ету – разрешить
таныс – знакомый, знакомься
танысу – знакомиться
таныстыру – знакомить
тегі – фамилия
Сөз орамдары / Выражения речевого этикета
Танысайық. – Давайте, познакомимся.
Таныс болайық. – Будем знакомы.
Сізбен танысуға бола ма? – Можно с вами познакомиться?
Сенiң атың (есімің) кiм? – Как тебя зовут?
Сiздiң атыңыз (есіміңіз) кiм? – Как вас зовут?
Сiздiң аты-жөнiңiз кiм? – Как ваше имя-отчество?
Менiң атым /есiмiм/ – Меня зовут
Менiң аты-жөнiм – Меня зовут (мое имя-отчество)
Оның аты /есiмi, аты-жөнi/ кiм? – Как его зовут?
Оның аты /есiмi, аты-жөнi/ – Его зовут
Танысып қойыңыз, ... – Знакомьтесь ...
Таныстыруға рұқсат етіңіз. – Разрешите вас познакомить.
Танысқаныма қуаныштымын! – Рад(а) познакомиться!
Мен де танысқаныма қуаныштымын! – Я тоже рад(а) познакомиться.
5. Сұхбаттарды оқыңыз. / Прочитайте диалоги.
1)
- Сәлеметсiз бе?
- Сәлеметсiз бе?
- Менің атым Юра. Сіздің атыңыз кім?
- Менің атым Айдана.
- Танысқаныма қуаныштымын!
- Мен де.
***
2)
- Сіз Сергейсіз бе?
- Иә, мен Сергеймін. Ал сіз кімсіз?
- Менің атым Санжар. Танысқаныма қуаныштымын!
- Мен де.
***
3)
- Сәлем!
- Сәлем!
- Таныс болайық, менің атым Самат.
- Таня. Өте қуаныштымын!
***
4)
- Сәлеметсiз бе?
- Сәлеметсiз бе?
- Сiзбен танысуға бола ма?
- Әрине. Менiң аты-жөнiм Айдана Серікқызы. Ал сiздiң аты-жөнiңiз кiм?
- Менiң аты-жөнiм Юрий Сергейұлы.
- Танысқаныма қуаныштымын!
- Мен де танысқаныма қуаныштымын.
- Сау болыңыз, Юрий Сергейұлы.
- Кездескенше, Айдана Серікқызы!
***
5)
- Танысайық! Сенің есiмiң кiм?
- Менiң есiмiм Айгүл . Ал сенің ше?
- Менiң есiмiм Самал. Танысқаныма өте қуаныштымын!
- Самал, сен студентсің бе?
- Иә, мен студентпін. Сен ше?
- Мен де студентпін.
- Келесі кездескенше, Айгүл!
- Көріскенше, Самал!
***
6)
- Сәлеметсiз бе, Катя?
- Қайырлы таң, Виктор!
- Таныс болыңыз, Катя! Бұл бiздiң жаңа әріптесіміз. Аты-жөнi – Марат Серікұлы.
- Өте жақсы!
***
7)
- Виктор, анау кiм?
- Ол менiң досым.
- Оның аты кiм?
- Оның аты Сергей.
- Ол жұмыс істейді ме?
- Жоқ, ол студент.
***
8)
- Сара, бұл кім?
- Бұл менің құрбым. Танысып қойыңыз.
- Оның аты Жанат па?
- Жоқ, оның аты Айжан.
- Айжан, сізбен танысқаныма өте қуаныштымын. Менің атым Санжар.
- Танысқаныма қуаныштымын!
6. Қазақ тілінің дауысты дыбыстары / Гласные звуки казахского языка
Дауысты дыбыстар / Гласные звуки: а, ә, е, и, о, ө, у, ұ, ү, ы, i;
а/ жуан дауысты дыбыстар/твердые гласные звуки: а, о, ұ, ы, и, у;
б/ жiңiшке дауысты дыбыстар/мягкие гласные звуки: ә, ө, ү, i, е, и, у;
Назар аударыңыз / Обратите внимание: а-ә; о-ө; ұ-ү; ы-і; и-и, у-у; е
Жаттығу/упражнение. Көп нүктенiң орнына дауысты дыбыстардың тиiстiсiн қойып, көшiрiңiз./Вместо многоточия вставьте нужные гласные звуки.
А - ә: с...лем, ж....рдем, ад...м, аст...на, ап..., ...ке, ал...ң, к...сіп, т...қта;
Ы – i: қазақ т...лi, сер...к, жақс..., тоғ...з, к...лем, сөзд...к, бақ...т, м...нау,
О - ө: ...зiм, ...рындық, ...мiр, ж...лдас, б...лме, ...рман, ж...л, с...здік;
Ұ – ү: жан...я, ...стел, ж...мыс, т...рмыс, ...мiт, ...зақ, ...лгiлi, ...лкен
7. Үй тапсырмасы / Домашнее задание
Бос орынды толтырыңыз. / Допишите диалог.
- Кеш жарық!
- ____________________
- Танысайық, менің _____________ Арман. Сенің атың кім?
- Менің __________ Динара.
- Танысқаныма ______________ !
- ___________________ .