12-сабақ (уровень A2). Сандарды қолдану

981 просмотров Добавлено 10 июля

1) Төмендегі сөйлемдерге тиісті есімдіктерді қойып толықтырыңыз.

 

1. Ертеде ... шалдың төрт ұлы болыпты. ... күні шал ұлдарын жинап алып, былай депті: - ... қартайдым. ... ақылы мен байлығы сай болса, ... мұрагерім болады. ... ... байлықтарың мен ақылдарыңды көрсетесіңдер, - депті.

 

2. - ..., ... байлығым. ... бай болса, ... ақылды, - депті.

 

3. - ... ... түрімде көргендер ақылым мен байлығымның алдында бас иеді, - дейді.

 

4. - Мұндай белдікті, - дейді, - ..., ... буынып көрген жоқ!

 

5. Әкесі үлкен балаларына қарап ... көңілі толмайды

 

6. - ... неге үндемейсің? Сен ... байлығыңмен мақтанасың? – дейді.

Сонда кенжесі былай депті:

- ... асыл тасты жүзік те, сәнді киім де, қымбат тастармен әшекейленген белдік те жоқ. Тек еңбек сүйгіш екі қолым, қайрат-жігерге толы жүрегім бар.

 

7. Ол ... мұрагері болады деп кіші ұлын атапты.

 

 

ЖОСПАР

Грамматика:  Сандарды қолдану

 

Лексикалық тақырып: Экономика және сандар

 

Оқыңыз, қызық!  Сандар сөйлейді

 

І. ЕСЕПТЕУ

                                            Қанша? Неше?

 

2.            Оқыңыз.

 

Бір жылда 365 күн бар. Науырыз айының  жиырма бірінен жиырма үшіне дейін демалыс болады. Мына алманы екіге бөліп жеңдер. Он – екі таңбалы сан. Жапонияның жер көлемі Қазақстанның жер көлемінен 7 есе кішкентай екен. Бірақ Жапонияның халқының саны Қазақстан халқының санына қарағанда шамамен 7 есе көп.

 

3.    Сұрақтарға жауап беріңіз.

 

- Үш таңбалы сан айтыңыз.

- .....

- Мыңда қанша жүздік бар

- ...

- Бес таңбалы санайтыңыз

- ...

- Екі миллионда қанша мыңдық бар?

- ...

 

 

- Тоқсан беске жетпісті қосса, қанша болады?

- ...

- Екі жүз сексен тоғыздан жиырманы алса қанша болады?

- ...

- Он алтыны төртке бөлсе, қанша болады?

- ...

- Сегізді сегізге көбейтсе қанша болады?

- ...

 

 

4.    Оқыңыз. Түсініңіз.

 

РЕТТЕУ

Нешінші?

Қансшасыншы?

Бірінші, екінші, алтыншы, тоғызыншы, ...

Мен біріншімін, сен алтыншысың, сіз сегізіншісіз, ол жетінші. Біз оныншымыз.

ЖИНАҚТАУ

Нешеу?

Қаншау?

Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу.

- Маған нан керек еді.

- Қаншау?

-Біреу беріңізші.

БОЛЖАЛДАУ

Шамамен қанша?

Бір-екі, үш-төрт, бес-алты, ... он-он бес, ...

Гүлдің бір-екі жапырағы сарғайыпты.

Маған бес-алты қонақ келді.

(шамамен)

Сан+ -дай/-дей

          -тай/-тей

 

Қаланың айналасына он мыңдай ағаш отырғызылды.

Бұл мейрамханаға тоқсан бестей  адам сияды.

Сан+-ға/-ге/

         -қа/-ке

жуық, таяу, таман, жақын тарта

Сағат беске жуық кездесейік.

Кешкі жетіге қарай жұмыстан шықтым.

Таңғы сағат жетіге таман ұйқыдан тұрды.

Сан+-нан/-нен/-дан/-ден/-тан/-тен

аса, астам, көп, артық, кем

Көрмеге қырықтан аса мемлекет қатысайын деп жатыр. Мектеп кітапханасына жүзден аса кітап алынды.

Сан+ -даған/       -деген

Алаңға мыңдаған адам жиналды

Жас мөлшерін және уақытын болжалдап айтқанда

Біздің көршіміздің жасы шамамен тоқсандарда

Қыс мезгілінде кешкі сағат жетілерде көшеде шам жанады.

ТОПТАУ

Нешеден?

Қаншадан?

Сан+-нан/-нен/-дан/-ден/-тан/-тен

Кікаптарды бес-бестен оқушыларға таратып бердім.

БӨЛШЕКТЕУ

1/3

Үштен бір. Алманың үштен бір бөлігі қалды.

4,5

4,15

Төрт бүтін оннан бес (төртте бес)

Төрт бүтін оннан бес (төрттен он бес)

Жарты, жарым, ширек, бүтін

Жұмыстың жартысы қалды.

Бүтін алма.

Ширек ғасыр өмір сүрген

 

 

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗДАР!

Заттың, істің мөлшерін білдіретін кейбір сөздер:

Біраз, біршама, бірсыпыра, бірталай, едәуір, бернеше, сонша онша, мұнша, осыншама, бірен-саран, көп, аз, т.б.

 

Мысалы: Біраз оқушылар үйлеріне қайтты. Бірнеше жаңа зауыт ашылды. Осыншама тамақты кімдерге дайындап жатырсыз.

Көрмеде адам онша көп емес, бірен-саран үлкен кісілер ғана келіпті.

 

5.    Дұрыс оқы үйреніңіз.

Қазақтың ұлы ақыны Абай 1845 жылы туған. ХVІІІ ғасырда 1743 жылы үш жүздің сұлтандары, батырлары бірігіп Абылай ханды қазақтың ханы етіп сайлайды. Студенттердің қысқы демалысы 28 желтоқсаннан 18 қаңтарға дейін болады. Конференцияға қатысқысы келетін студенттер 2015 жылдың наурыз айының 1-не дейін мақалаларын жазып тапсыруы тиіс. Футбол ойынында біздің команда І орынға ие болып, жанкүйерлерін қуантты.

 

 

 

6.    Мәтінді оқыңыз.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ

Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы үш кезеңін белгіледі. Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды. Олар: Мүліктік жөніндегі комитет, Салық инспекциясы, Кеден және т.б. Сондай-ақ нарықтық экономикаға тән құрылымдар: биржалар, коммерциялық банктер, сауда үйлері, жекеменшік кәсіпорындар мен шаруашылықтар, жекеменшік пен мемлекет меншігі аралас ірі корпорациялар, акционерлік қоғамдар, холдингтер өмірге келді. Алайда нарықтық экономикаға көшуде бірсыпыра қиындықтар кез болды. Атап айтқанда, реформаны бастауда мемлекеттің мақсаты да, мүдделері де, әдіс-тәсілдері де толық анықталу қажет болды. Екіншіден, барлық елдерге бірдей сай келетін экономикалық реформаның моделі болмайды. Әр елдің өзіне тән, оның ұлттық ерекшелігіне тарихына, дәстүріне, нақтылы саяси, әлеуметтік, экономикалық қалыптасқан жағдайына сәйкес өз моделі, өз жолуы болуы керек еді. Барлық ТМД елдеріне ұқсас экономикалық дағдарыс бола бастады.

Осы және басқа да қиыншылықтарға қарамастан, мемлекеттің ішкі және сыртқы дұрыс саясаты мен экономикалық бағдарламалары арқасында тәуелсіздік алған жылдар ішінде Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік жағдайы қарқындап дами бастады. Қазақстан өзінің өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығын дамытуға тырысты.

Жалпы алғанда, ел экономикасы 2001 жылдан бастап жылына орта  есеппен 10 пайызға өсіп отырды. Бұл өте үлкен де жедел өсу болып саналады.

Ал  осы жылдар ішінде Қазақстанда жүздеген,  мыңдаған жаңа орта және шағын кәсіпорындар пайда болды. Қазіргі кезде автомобиль құрастыратын, оның ішінде жеңіл автокөліктер де құрастыратын бес кәсіпорын жұмыс істейді. Бүгінде Қазақстанда радиотехника мен компьютер де құрастырылады. Жиһаз жасау өнеркәсібі, құрылыс индустриясы және басқа салалар жақсы дамуда.

Қорыта келгенде,тәуелсіз жылдары Қазақстанда алғашқы жылдарда кездескен көптеген қиыншылықтар мен қайшылықтарға қарамастан, экономиканы дамытуда, әлеуметтік мәселелер. Соның нәтижесінде біздің еліміз ТМД мемлекеттерінің арасында өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан алдыңғы қатарға шықты. Қазақстанда бүгін әлемнің ең таза дамып келе жатқан елдерінің бірі болып саналады.

 

Сұрақтарғажауап беріңіз:

1. Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға көшуі неден басталды?
2. Қандай органдар мен құрылымдар құрылды?
3. Жалпы осы мәтіннен не түсіндіңіз?

 

 

7.    ОҚЫҢЫЗ,ҚЫЗЫҚ!

 

САНДАР СӨЙЛЕЙДІ

 

Қазақ халқы сандарға ерекше мән берген. Оны қазақ халқының салт-дәстүрінен, ырымдарынан, тұрақты сөз тіркестерінен, мақал-мәтелдерден анық көре аламыз.

Адамның туғаннан бастап қайтыс болғанға дейінгі өміріне байланысты айтылатын тіркестер тоғыз ай, он күн көтеру, 40 күннен кейін қырқынан шығару немесе қайтыс болғанда үшін беру, жетісін беру, қырқын беру, жылын беру сияқты салт-дәстүрді көрсетеді.

Сондай-ақ күнделікті тұрмыста қолданылатын уақыт мөлшері тоқсан бұл үш айды білдірсе, мектеп оқушыларының 1 жылдағы 9 ай сабағы 4 тоқсанға бөлінеді.

Ал мақал-мәтелдерден қазақ халқының жалпы әлем, адамдық қарым-қатынас, жақсылық пен жамандық, бірлік пен достық, оқу-білім, тіршілік туралы түсініктерін т.б. сан алуан ұғымдарын көріп біле аламыз.

* Жеті рет өлшеп, бір рет кес;
* Бір жылы сөз – бір күнге азық;
* Екі жақсы қас болмас, екі дұшпан дос болмас;
* Бес саусақ бірдей емес;
* Жеті жұрттың тілін біл, жеті елдің сырын біл;
* Жеті атасын білмеген – жетесіз.

Сандар халықтың уақыт немесе көлемдік, сандық мағынамен қатар, белгілі-бір ұғымдарды білдірген. Мысалы: 2 саны туралы мынадай ұғым бар. Ай және Күн. Қосылу, толықтыру символы. Жақсылық пен жамандық, ақ пен қара, ер мен әйел, күн мен түн. Екі саны туралы қазақ халқының түсінігі осындай. Яғни екеу, «жұп» деген ұғымды білдіреді. Қазақ тіліндегі «егіз» сөзі екі сөзінен шыққан.