1. Тіл ширату.
1) Көп нүктенің орнына тиісті сандарды қойыңыз.
2) Халқымыз қандай сандарға ерекше мән берген. Атаңыз және неліктен?
3) «13», «4» сандары жайлы не білесіз? Қазақ халқының танымына байланысы бар ма?
ЖОСПАР
Грамматика: Субъект. Предикат
Лексикалық тақырып: Қазақстан
Оқыңыз, қызық! Қазақстан халқы
І. Сөйлемдегі ой мен іс әрекет иесі.
Қанша? Неше?
1. Оқыңыз. Сөйлемдегі іс-әрекетті табыңыз. Сұрақ қойыңыз.
Қазақстан Еуразияның дәл ортасында орналасқан. Қазақстанның жер көлемі – 2 миллион 724,9 мың шаршы шақырым. 16 желтоқ 1991 жылы – Қазақстанның Тәуелсіздік күні. Басқару формасы – президенттік республика. 1997 жылдан бастап республиканың астанасы – Астана қаласы. Қазақстанда 85 мыңғажуық өзендер бар. Қазақстанда қазба жазбалар да көп. Республикада қазақтардан басқа 131 ұлыстың өкілдері тұрады.
2. Сөйлемдерді мағынасына қарай толықтырыңыз.
1) Қажетті сөздер: анау, Қазақстан, балаларымыз, екеуміз, қарттар, тенис ойнау, көргенім.
... – көп емес. ... ақылшы болады. ... шетелде. ... сенің қаламың. ... он төрт облысқа бөлінеді. ... ұнайды. Сабаққа ... келдік.
ҚАЗАҚСТАН
1. Жаңа сөздермен жұмыс
аумақ әлеуметтік әнұран демократиялық егемендік елді мекен елтаңба жазық дала зайырлы шың |
көшірілу қоршау құқықтық орман-тоғай рәміз ресми санақ созылу ту этнос |
2. Төмендегі сөз тіркесінің мағынасын түсініңіз.
Демкоратиялық мемлекет, зайырлы мемлекет, құқықтық мемлекет, шаршы шақырым, этникалық құрам, ақша бірлігі, дамыған елдер, орман-тоғай, жазық дала, қазба байлық, Менделеев кестесі, этнос өкілі, теле-радио хабарлары.
3. Мәтінді оқыңыз. Қазақстан қандай мемлекет екен?
ҚАЗАҚСТАН
Ресми атауы – Қазақстан Республикасы. Басқау формасы – президенттік республика. Қазақстан – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет. Әкімшілік жағынан 14 облысқа бөлінеді. Қазақстанда 85 қала бар, 160 аудан, 176 кент, 7719 ауылдық елді мекендер бар. Ірі қалалары – Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент. Астанасы – Астана қаласы. Қазақстанда тұратын халық саны 2015 жылғы дерек бойынша 17 417 447 адам. Қазақстаннан шет жерде тұратын қазақтар да аз емес. Этникалық құрамы көп ұлтты. Мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Ақша бірлігі – теңге.
Қазақстан жері. Қазақстан Еуразияның дәл ортасында орналасқан. Қазақстан жер көлемі бойынша әлемде тоғызыншы орын алады. Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Испания сияқты Еуропаның дамыған елдерінің жер көлемі Қазақстан жеріне еркін сыйып кетеді. Қазақстанның жер көлемі 2 миллион 724,9 мың шаршы шақырым. Қазақстан батыстан шығысқа дейінгі 3000 шақырым, солтүстіктен оңтүстікке дейін 1600 шақырым созылып жатыр. Солтүстігінде Ресеймн шекараласады.
Қазақстан табиғаты. Кең-байтақ Қазақстанда таулар да, орман-тоғайлар да, жазық далалар да, шөлдер де бар. Қазақстанда өзен, көлдер өзге елдермен салыстырғанда азырақ. Каспий, Арал, Балқаш сияқты дүние жүзіндегі ірі көлдер Қазақстанда орналасқан.
Қазақстандағы ең биік жер – оңтүстік-шығыс Қазақстанда орналасқан – Хан тәңірі шыңы, оның биіктігі 6995 метр.
Қазақстан табиғаты әртүрлі жан-жануарларға да бай. Қазақстанда жануарлардың 155, құстардың 480, балықтардың – 150 түрі бар.
Қазба байлықтар. Қазақстанда қазба байлықтар да көп. Қазақстан жерінде Менделеев кестесіндегі барлық элементтер кездеседі. Атап айтқанда, Жезқазғанда мыс, Теміртауда темір, Батыс Қазақстанда мұнай, Шығыс Қазақстанда алтын мен уран, Қарағандыда көмір өндіріледі.
Қазақстан халқы. Қазіргі күні жер бетінде 3000-дей этнос өкілі өмір сүрсе, солардың 130-дан астамы Қазақстанда тұрады. Бұл елде тұратын түрлі ұлт өкілдері бірге еңбек етіп, тату-тәтті өмір сүруде. Қазақстанның өркендеуі үшін, экономикасын, өндірісін, ауылшаруашылығын дамыту үшін олардың бәрі бір ананың баласындай еңбек етеді. Ал жеке ұлттық ерекшеліктерін, салт-дәстүрін сақтап қалуға да республикамызда жақсы жағдай жасалған. Әр этностың ұлттық мерекелері тойланып, арнайы құрылған қоғамдық ұйымдарда өз ана тілдерін оқып, үйрене алады. Саны жағынан көп болып келген ұлттардың өз мектебі, театры бар, газет-журналдары шығып, теле-радио хабарлары жұмыс істейді.
Егеменді Қазақстан. Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16-желтоқсанда тәуелсіздік алды. 1997 жылы Қазақстанның астанасы – Астана қаласы болды. Қазақстан Республикасының жаңа рәміздері 1992 жылы қабылданды. Олар ту, елтаңба және әнұран. 1993 жылы 15 қарашада ұлттық теңге қабылданды.
Мәтін бойынша сөйлемдерді толықтырыңыз.
- ... – президенттік республика
- Этникалық ... көп ұлтты.
- ... әлемде тоғызыншы орын алады.
- Қарағандыда ... өндіріледі.
- ... Республикадан тыс жерлерде тұрады.
- Кең-байтақ Қазақстанда ..., ..., ... бар
Сұрақтарға жауап беріңіз
* Қазақстан қайда орналасқан?
* Қазақстан жер көлемі бойынша әлемде нешінші орында?
* Қазақстанның жер көлемі қанша?
* Қазақстан шығыстан батысқа, солтүстіктен оңтүстікке қанша шақырым созылып жатыр?
ОҚЫҢЫЗ, ҚЫЗЫҚ! ҚАЗАҚ ЕЛІ ҚАНДАЙ ЕЛ?
Қазақстан халқы
Қазіргі күні жер бетінде 3000-дай этнос өкілдері өмір сүреді, солардың 130-дан астамы Қазақстанда тұрады. Мұнда қазақтар – 61,3%, өзбектер – 2,9%, украиндықтар – 2,1%, ұйғырлар – 1,4%, татарлар – 1,3%, немістер – 1,1%, басқа ұлт өкілдері – 4,4%-ды құрайды.
1937 жылы Қазақстанға 96 мың кәріс, 1940-41 жылдары 105 мың поляк, 400 мың неміс, 1943-44 жылдары әртүрлі басқа ұлттар еріксіз көшірілді. Қазақстанның 4 миллионнан астамы республикадан тыс жерлерде тұрады. Халықтың мұндай басқа елдердегі бөлігін диаспора деп атайды. Өзбекстанда 1 млн 556 мың, Ресейде 740 мың, Түркіменстанда 100 мың, Қырғызстанда 45 мың, Украинада 15 мың, Қытайда 1 млн 500 мың, Моңғолияды 100 мың, Ауғанстанда 30 мың, Түркияда 25 мың, АҚШ-та 14 мың, Иранда 12 мың қазақ тұрады.
Бүгінгі күні Қазақстанда 2015 жылғы дерек бойынша шамамен 17 417 447 адам болды. Халық тығыздығы: 5,9 адам/шаршы шақырым. Бүкіл дүние жүзі бойынш қазақ халқының саны – 12 миллион. Қазір 3,5 миллион қазақ шетелде тұрады.