1. Тіл ширату.
1-тапсырма. Шағын мәтінді оқыңыз. Мазмұндап беріңіз.
Экономика – өмірдің барлық салаларын
жақсылық жағына қарай өзгертудің
мүмкіндіктеріне жеткізетін адамзаттың ұлы жаңалығы.
Джон Милтон
Тұңғыш экономикалық ой-пікірлер көне заманда пайда болған. Ертедегі Греция, Рим, Қытай, Үндістанның ғалым-философтары экономиканың жекелеген мәселелерін: бағаның негізінде не жатады, байлық қалай көбейеді, т.б. шешуге талаптанған.
Ксенофонт (б.д.д. 430-354жж), Платон (б.д.д. 427-347жж), Аристотель (б.д.д. 384-322жж) пайдалылық туралы экономикалық теорияның бастапқы принциптерін анықтаумен айналысқан. Аристотельдің пікірі бойынша экономика шаруашылықты жүргізудегі әмбебап тәртіптердің жиыны болып табылады, яғни ол арқылы байлықты арттыруға болады. Ол байлық ретінде осы шаруашылықта өндірілген өнімдердің жиынтығын қарастырды. Сонымен бірге, ол шаруашылықты көркейту үшін айырбас, сауда қатынастарын дамытудың қажет екендігін түсінген.
Экономикалық теория ғылым болып тек XVI-XVII ғасырларда ғана қалыптасады. Алғаш бұл теория «саяси экономия» деген атқа ие болады. Саяси экономия – қоғамдық шаруашылықтың заңдары туралы ғылым болып табылады. XVIII ғасырдың басында саяси экономия дербес ғылымға айналады.
Ал қазақ жерінде XVIII ғ. соңы, XX ғ. басында сауда капиталы, тауар-ақша айналымы, халықаралық нарық, еңбек бөлінісін қамту процесі бірте-бірте жандана бастайды. Еліміздің солтүстік, батыс аймақтары Ресеймен тауар айналысында басым қатынаста болса, оңтүстік, шығыс, орталық аудандарға Орта Азия, Қытай т.б. елдердің саудагерлері жиі келе бастайды.
2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Алғашқы экономикалық ой-пікірлер қашан пайда болды?
2. Алғашқы ғалым-философтар экономиканың қай саласын зерттеді?
3. Экономикалық теорияның бастапқы принциптерін кімдер зерттеді?
4. Экономикалық теория қай ғасырларда пайда болды?
5. Саяси экономия дегеніміз не?
САЛЫСТЫРМАЛЫ МАҒЫНАНЫ ҚАЛАЙ БЕРЕМІЗ?
Қалай – солай Қандай – сондай Қанша – сонша Кімдікі – сонікі Кімді /Нені – соны Кімнің – соның
Қалай .... етістік + -са/-се, солай ... |
Мысалы:
Қалай еңбек етсең, солай табыс табасың. Сен қалай жүрсең, көлеңкең де солай жүреді. Мына бала қандай талантты болса, ана бала да сондай талантты екен! Қанша ақша берсең, сонша қайтарып беремін. Кімді айтсаң, сол келеді. Кімнің кітабын алсаң, соның кітабын көрсетші. Мына жазу кімдікі болса, дәптер сонікі.
1. Сөйлемдерді мағынасына қарай аяқтаңыз.
- Үй кімдікі болса, - Бұл сақина кімнің саусағына сыйса, - Топта қанша студент болса, - Өзің қандай тамақ алсаң, соңғы сөз сонікі. - сонша кітапқа тапсырыс береміз. - кейін саған балаларың солай қарайтын болады. - соның сақинасы. - маған да сондай ал. |
Қазақ елі қандай ел?
(шетел адамдарының көзқарасы)
«Қазақтар өте қонақжай, өзі аш қалса да, соңғы 6фунт етін қонаққа ұсынады»
Иосия Кастанье (француз тарихшысы)
«Қазақтар шешен келеді, олар мақалдап сөйлейді, жай сөзінің өзі өлең боп құйылып жатады».
Василий Радлов (орыс ғалымы)
Қазақ – қызуқанды халық.
Оның рухында жайсаңдық, батылдық, ізгілік бар. Сергек әрі еліктегіш келеді. Жүйкесі көмбіс, ашуланбайды. Бар ниетімен адал, басқаның қайғы-қасіретіне ортақтасқыш, қонақжай, салауатты және төзімді. Олардың бойында қатігездік пен кекшілдік жоқ. Тату-тәтті өмір сүреді. Әйелдері мейірімді, ақылды.
Николай Зеленд (орыс дәрігері)
Қазақтар ержүрек, еркіндікті сүйетін халық. Бірақ өзге көшпенділер сияқты елгезектеу. Олар достарына ақкөңіл, қонақжай, жолаушыға қайырымды, алайда жауларына аяусыз. Оларға табиғат шешендік пен әзіл-мысқыл сезімін молынан сыйлаған. Балаларына шексіз сүйеді. Ұлға үлкенді құрметтеу, әкеге әкелік борышын сезіне білу қасиет тән.
У. Уарделл (ағылшын инженері)
С.Е.Малов
Д.Клеменц
А.Брем
Р.Пфеннинг
Тілден биік асқар жоқ,
Тілден асқан байлық жоқ,
Тілден терең теңіз жоқ.
Ғ.Мүсірепов
СӨЙЛЕСЕЙІК!
1. Тапсырма.
- Төмендегі мақалдарды қалай түсінесіз?
- Қазақ халқы қандай халық деп ойлайсыз?
- Қазақ халқына тән ерекше қасиеттерді атаңыз.