6-сабақ. Менің ұлым, қызым бар

2351 просмотров Добавлено 10 октября

1. «Анаға сәлем» әнін тыңдаңыз. Прослушайте песню «Анаға сәлем». (http://soyle.kz/article/view?id=170)

 

2. Тіл ширату. Речевая разминка.

Тиісті вариантты таңдаңыз. / Выберите соответствующий вариант.

Кімге және қандай жағдайда сіз былай деп айтасыз / Кому и в какой ситуации вы скажете:

- Сәлеметсіз бе, кіруге бола ма?

- Апай, кешіріңіз! Айтып жіберіңізші, банкомат қай жерде?

- Сәлем, Марат! Сені көрмегелі қанша болды? Қалың қалай?

- Қайырлы таң, Алия Қуанышқызы! Хал-жағдайыңыз қалай?

- Марат, Динаның жанында тұрған анау әдемі қыз кім?

Вы встретили друга, с которым давно не виделись...

Вас интересует девушка, стоящая поодаль...

На улице. Вы обращаетесь к пожилой женщине...

В понедельник по дороге на работу встретились с коллегой...

В поликлинике. Вы заходите в кабинет врача...

 

2. Үй тапсырмасын тексеру / Проверка домашнего задания

1) Мәтінді оқып, аударыңыз. Прочтите текст и переведите его.

Бұл – Абай көшесі. Абай көшесі қаланың орталығында. Абай көшесі мен Достық даңғылының бұрышында кітапхана бар. Кітапхананың жанында мектеп орналасқан. Мектептің оң жағында емхана, сол жағында дүкен бар. Абай көшесінде орталық мұражай және қонақүй орналасқан. Қонақүйдің алдында банкомат бар. Қонақүйдің қарсысында интернет-кафе бар. Бұл көшеде мейрамхана жоқ. Келесі көшеде дәмхана бар.

 

2) Мәтін бойынша өзіңіз тұратын көшені сипаттаңыз. Опишите улицу, на которой вы живете.

 

3. Қазақ тілінің дыбыстар жүйесі/Система звуков казахского языка

Дауысты (гласные) 

жуан (твердые) 

а, о, ұ, ы, и, у 

жіңішке (мягкие) 

ә, ө, ү, і, е, и, у 

Дауыссыз (согласные) 

үнді (сонорные) 

м, н, ң, л, р, й, у 

ұяң (звонкие) 

б, в, г, д, ж, з, ғ 

қатаң (глухие) 

п, ф, к, қ, т, ш, с, х, һ, ч, щ 

 

Назар аударыңыз./Обратите внимание.

к + гласн. зв.   ->  г     қ + гласн. зв.        ғ   ->     п + гласн. зв.  ->     б

есік +ім – есігім           қазақ + ы – қазағы                кәсіп + іңіз – кәсібіңіз

жүрек+ің - жүрегің       бастық+ыңыз – бастығыңыз   кітап+ымыз – кітабымыз

 

4. Грамматикалық құрылым «Тәуелдік жалғауы»/Грамматическая конструкция «Окончание принадлежности»

1) личные местоимения + окончания Ілік септік (родительного падежа)

-ның/-нің, -дың/-дің, -тың/-тің

мен / я        – менің / мой                біз / мы               – біздің / наш

сен / ты      – сенің / твой               сендер / вы         – сендердің / ваш

сіз / вы       – сіздің / ваш               сіздер / вы          – сіздердің / ваш

ол / он, она – оның / его, ее            олар / они           – олардың / их

 

2) Тәуелдік жалғауы / Окончание принадлежности

 

жақ/лицо

жекеше/көпше

ед./мн.

дауысты/гласный

дауыссыз/согласный

жуан буын

твердый слог

жіңішке буын

мягкий слог

жуан буын

твердый слог

жіңішке буын

мягкий слог

І. Менің

ата+м

әже+м

дос+ым

әріптес+ім

ІІ. Сенің

ата+ң

әже+ң

дос+ың

әріптес+ің

ІІ. Сіздің

ата+ңыз

әже+ңіз

дос+ыңыз

әріптес+іңіз

ІІІ. Оның

ата+сы

әже+сі

дос+ы

әріптес+і

І. Біздің

ата+мыз

ата+лар+ымыз

әже+міз

әже+лер+іміз

дос+ымыз

дос+тар+ымыз

әріптес+іміз

әріптес+тер+іміз

ІІ. Сендердің

ата+лар+ың

әже+лер+ің

дос+тар+ың

әріптес+тер+ің

ІІ. Сіздердің

ата+лар+ыңыз

әже+лер+іңіз

дос+тар+ыңыз

әріптес+тер+іңіз

ІІІ. Олардың

ата+сы

ата+лар+ы

әже+сі

әже+лер+і

дос+ы

дос+тар+ы

әріптес+і

әріптес+тер+і

 

5. Пысықтау жаттығулары / Тренировочные упражнения

1) Тиісті тәуелдік жалғауын жалғаңыз. Допишите соответствующие окончания принадлежности.

Бүгін менің көңіл-күй...      тамаша.

Сенің отбасы...   бар ма?

Оның әріптес...  қайда тұрады?

Сіздің қал-жағдай...          қалай?

Сендердің көше...           қаланың орталығында.

Олардың достар...      Астанада тұрады.

Біздің қала...      өте әдемі.

Сіздердің үй...           қай жақта?

Оның ата-ана...       Ресейде тұрады.

Оның әке...       – дәрігер.



2) Көп нүктенің орнына тиісті есімдікті жазыңыз. / Вместо точек вставьте подходящее местоимение.

 

Балам оқиды. Бұл      ...        оқулығы.

Мен журнал оқимын. Бұл       ...      журналым.

Сен сөздер жаттайсың. Анау        ...        сөздігің.

Әкем үйде. Бұл      ...       кітабы.

Біз осында оқимыз. Бұл        ...        аудиториямыз.

Ол осында тұрады. Анау         ...        үйі.

Сендер жұмыс істейсіңдер. Бұл      ...      тапсырмаларың.

Сіздер осы көшеде тұрасыздар. Бұл        ...      көшелеріңіз.

 

3) Сұхбатты оқып, тәуелдік жалғауы бар сөздерді теріп жазыңыз. / Прочитайте диалог, выпишите слова в притяжательной форме.

 

- Мынау кімнің суреті (фото)?

- Менің суретім.

- Бұлар кімдер?

- Бұл біздің отбасымыз: мынау менің әкем, ал мынау менің шешем. Ортада біздің атамыз және әжеміз отыр. Мынау мен. Сол жақта – менің інім, оң жақта – қарындасым.

 

6. Үй тапсырмасы. / Домашнее задание

Үлгі бойынша сұрақ қойыңыз. / Задайте вопрос по образцу.

 

Үлгі: Бұл менің журналым. – Бұл кімнің журналы?

 

Бұл менің сөздігім. Бұл менің үйім. Бұл біздің үйіміз. Бұл сіздің оқытушыңыз. Бұл сіздің ағаңыз. Бұл сендердің жолдастарың. Анау менің досым. Мынау біздің көшеміз. Бұл сіздің қызыңыз. Анау оның ұлы. Анау сенің дәптерің. Мынау оның сөмкесі. Ол сіздердің әріптестеріңіз. Мынау олардың пәтері.