1. Тіл ширату
Жаңылтпаштарды (скороговорки) оқыңыз.
1) Жағажайды жағалай,
Жүгіреді Қамажай.
2) Баланың жаман баға алмағаны,
Мұғалім ағаның жаман болмағаны.
2. Үй тапсырмасын тексеру
1) Сұхбаттарды толықтырыңыз.
- Өзің кім болып істейсің?
- ...
- Жалақың жақсы ма?
- ...
- Бөлімде қанша адам жұмыс істейді?
- ...
- Марат сіздерде жұмыс істей ме?
- ...
- ...
- Мұнай-газ саласында жұмыс істеймін.
- ...
- Мен мемлекеттік қызметшімін.
2) Сұхбатты оқып, аударыңыз.
Асқар: - Міне, кездесу! Көріспегелі қанша болды?
Азамат: - Иә, он жылдай уақыт өтті. Өзің қазір қайдасың?
Асқар: - Университетте оқытушымын. Әйелім қалалық емханада дәрігер болып жұмыс істейді.
Азамат: - Ал мен осында тұрамын. Мұнай-газ саласында жұмыс істеймін.
Асқар: - Мұнайшымын де... Осы Әсет те Астанада емес пе?
Азамат: - Иә, ол да осында. Бизнеспен айналысады, өзінің дәріханалар жүйесі бар.
Асқар: - Жақында Арманды көрдім, Алматыда банкте жұмыс істейді екен.
Үш жыл шетелде оқыпты, қазір ол қаржыгер.
Азамат: Сені көргеніме қуаныштымын. Үйге кел, қонақ бол!
Асқар: - Рақмет, мен өзім хабарласамын.
3. Сұхбат бойынша тапсырма
Дұрыс жауапты табыңыз:
Асқардың әйелі кім болып жұмыс істейді? ... ... ...
|
Азамат қандай салада жұмыс істейді? ... ... ...
|
Әсет немен айналысады? ... ... ... ... ... ... ... ... ...
|
4. Тыңдаңыз, оқыңыз және есте сақтаңыз.
Уақыт қанша? Сағат неше?
![]() |
![]() |
![]() |
Сағат жеті. |
Сағат бес. |
Сағат тоғыз жарым. |
Тура сағат жеті. |
Тура сағат бес. |
Числительное +окончания Барыс септік (-ға/-ге, -қа/-ке) + числительное + слова минут қалды
|
қалды кетті |
Числительное +окончания Шығыс септік (-нан/-нен, -дан/-ден, -тан/-тен)+ числительное + слова минут кетті
|
|
бірге екіге үшке төртке беске алтыға жетіге он минут қалды сегізге тоғызға онға он бірге он екіге
|
бірден екіден үштен төрттен бестен алтыдан жетіден он минут кетті сегізден тоғыздан оннан он бірден он екіден
|
||
12:35 – бірге жиырма бес минут қалды. 08:40 – тоғызға жиырма минут қалды. 18:52 – жетіге сегіз минут қалды. 21:47 – онға он үш минут қалды.
|
14:15 – екіден он бес минут кетті. 23:20 – он бірден жиырма минут кетті. 09:12 – тоғыздан он екі минут кетті. 06:07 – алтыдан жеті минут кетті.
|
5. Берілген уақытты айтыңыздар.
Үлгі: 15:30 – сағат үш жарым
06:00 14:00 21:00 10:00 08:30 19:30 |
11:25 09:20 12:13 16:08 13:15 17:05 |
15:50 18:43 07:35 10:55 14:40 20:45 |
6. Сөздік
апта – неделя апта күні – день недели жоспар – план сағат – час, часы уақыт – время үзіліс – перерыв жұмыс күні – рабочий день демалыс күні – выходной день түн – ночь түс – полдень, обед қалу – оставаться кету – уходить/уезжать |
бүрсігүні – послезавтра ертең – завтра бүгін – сегодня кеше – вчера алдыңғы күні – позавчера апта сайын/жұма сайын - еженедельно күн сайын/күнде – ежедневно/каждый день ерте – рано кеш - поздно таңертең – утром таңғы – утренний түсте – в полдень/в обед түскі – полудневный/обеденный күндіз – днем күндізгі – дневной кешке – вечером кешкі – вечерний түнде – ночью түнгі - ночной |
7. Сұхбаттарды оқып, үлгі бойынша сөйлесіңіз.
- Кешіріңіз, қазір сағат қанша?
- Қазір сағат бес жарым.
- Көп рақмет!
- Арзымайды.
- Кешіріңіз, уақытты айтасыз ба?
- Айтайын. Сағат тоғызға он минут қалды.
- Рақмет.
- Айтып жіберіңізші, сағат неше?
- Сағат тура он.
- Рақмет.
- Кешіріңіз, сағат сұрауға бола ма?
- Әрине, болады. Сағат төрттен жиырма бес минут кетті.
8. Есте сақтаңыз!
Сағат нешеде? – В котором часу? Қашан? – Когда?
В 01:00 – сағат бірде;
В 01:30 – сағат бір жарымда;
В 15:00 – сағат үште;
В 07:45 – сағат сегізге он бес минут қалғанда;
В 10:20 – оннан жиырма минут кеткенде
9. Сөйлемдерді оқып, орыс тіліне аударыңыз.
1) Әкем сағат бесте келеді. 2) Анам кешкі сағат жетіде пойызға отырады. 3) Әжем күн сайын таңғы алты жарымда тұрады. 4) Сағат жетіге бес минут қалды. 5) Қазір кешкі сағат тоғыз жарым. 6) Сабақ сағат екі жарымда аяқталады. 7) Кино сағат бестен он бес минут кеткенде басталады. 8) Кешкі сағат сегіз жарымда жаңалықтар болады. 9) Автобус түскі сағат екіге он минут қалғанда жүреді. 10) Астанадан ұшақ таңғы сағат бесте ұшып келеді.
10. Үй тапсырмасы
Үлгі бойынша өз жұмыс күніңіз туралы мәтін құрастырыңыз.