1. Тіл ширату
Берілген сөздерді пайдаланып, сұрақтарға жауап беріңіз.
1) Сіз таңертең не істейсіз? (жұмысқа бару)
2) Сіз күндіз не істейсіз? (жұмыста болу)
3) Сіз түсте не істейсіз? (асханадан тамақтану)
4) Сіз кешке не істейсіз? (үй шаруасымен айналысу)
5) Сіз түнде не істейсіз? (ұйықтау)
2. Үй тапсырмасын тексеру
Өзіңіздің жұмыс күніңіз туралы әңгімелеп беріңіз.
3. Апта күндерінің аттарын есте сақтаңыз.
|
Қай күні? – В какой день? Қашан? – Когда? |
Дүйсенбі – Понедельник Сейсенбі – Вторник Сәрсенбі – Среда Бейсенбі – Четверг Жұма – Пятница Сенбі – Суббота Жексенбі – Воскресенье |
дүйсенбіде, дүйсенбі күні сейсенбіде, сейсенбі күні сәрсенбіде, сәрсенбі күні бейсенбіде, бейсенбі күні жұмада, жұма күні сенбіде, сенбі күні жексенбіде, жексенбі күні |
4. Көп нүктенің орнына тиісті жұрнақты қойыңыз.
1) Дүйсенбіде жұмыстан кейін мен фитнес-клубқа бар...мын. 2) Сейсенбіде сен жұмысқа ерте кел...сің. 3) Сәрсенбі күні кітап оқ...сыз. 4) Бейсенбі күні дүкенге барып, азық-түлік сатып ал...ды. 5) Жұма күні достарыммен кездес...мін. 6) Сенбіде біз жұмысқа барма...мыз, демал...мыз. 7) Жексенбі күні балаларыңызбен саябақта серуенде...сіздер ме?
5. Берілген уақытты үлгі бойынша сөзбен жазыңыз.
Үлгі: Сағат нешеден нешеге дейін? – (От скольки до скольки?)
07:00 – 09:10 – сағат жетіден тоғыз онға дейін
08:15 – 11:30 – сағат сегіз он бестен он бір жарымға дейін
08:00 – 10:15 13:20 – 14:35 18:55 – 20:25
09:30 – 12:00 15:45 – 17:50 21:00 – 22:00
Сағат нешеден кейін?
после 10:00 ч. – сағат оннан кейін
после 13:30 ч. – сағат бір жарымнан кейін
после 02:00 после 11:30 после 17:00 после 19:15 после 21:00
6. Әріптесіңізден берілген мекемелердің жұмыс тәртібі туралы сұраңыз./Спросите у коллеги о режиме работы данных учреждений.
Үлгі:
- Кешіріңіз, кітапхана қалай жұмыс істейді?
- Кітапхана сағат оннан сағат кешкі алтыға дейін жұмыс істейді.
- Түскі үзіліс бар ма?
- Иә, бір сағат түскі үзіліс бар.
1) Балалар емханасы 2) Дәріхана 3) Азық-түлік дүкені
7. №1 грамматикалық құрылым
1) Қайда бара жатырсың? – Куда идешь?
Қайда бара жатырсыз? – Куда идете?
Вокзал-ға Қонақ-қа Мектеп-ке бара жатырмын Үй-ге «Рамстор» дүкені-не |
! Слово + -ға/-ге, -қа/-ке, -на/-не (предлоги в, на, к) = направление |
2) Көп нүктенің орнына тиісті жалғау жалғаңыз.
жұмыс... банк... дүкен... кино... бара жатырмын сұлулық салоны... сауда үйі... |
3) Үлгі бойынша жолдасыңызбен сөйлесіңіз.
- Ата, қайда бара жатырсыз?
- Емханаға бара жатырмын.
- Сәлем, қайда бара жатырсың?
- Сәлем, мен банкке бара жатырмын, өзің ше?
- Мен сабаққа бара жатырмын.
- Қызым, қайда бара жатырсың?
- Ана, мен мектепке бара жатырмын, бүгін бізде дайындық болады.
- Балам, анау Марат емес пе?
- Иә, апа, Марат қой.
- Кешке қайда бара жатыр?
- Бүгін сенбі ғой, апа, ол түнгі клубқа бара жатыр.
8. №2 грамматикалық құрылым
1) Қайдан келе жатырсың? – Откуда идешь?
Қайдан келе жатырсыз? – Откуда идете?
Вокзал-дан Қонақ-тан Мектеп-тен келе жатырмын Үй-ден «Рамстор» дүкені-нен
|
! Слово + -дан/-ден, -тан/-тен, -нан/-нен (предлоги из, с, от) = исходная точка движения |
2) Көп нүктенің орнына тиісті жалғау жалғаңыз.
«Алатау» базары... «Мерей» дүкені... Сабақ... Кинотеатр... келе жатырмын Медеу... Жұмыс... «Мега» сауда үйі... |
3) Үлгі бойынша жолдасыңызбен сөйлесіңіз.
- Балам, қайдан келе жатырсың?
- Вокзалдан келе жатырмын, апа.
- Ағай, оқушылар қайдан келе жатыр?
- Мұражайдан келе жатыр, қарағым.
- Апай, қайдан келе жатырсыз?
- Мен «Рамстор» дүкенінен келе жатырмын.
- Асқар, мына адамның бәрі қайдан келе жатыр?
- Жиналыстан келе жатыр.
9. Үй тапсырмасы
1) Мәтінді оқып, аударыңыз.
Жұмыс дүйсенбіде басталады, жұмада аяқталады. Сенбі және жексенбі – демалыс күндері. Демалыс уақытында мен отбасыммен бірге боламын. Біз сенбі күні таңертең саяжайға барамыз. Саяжай қаланың сыртында. Жексенбіде мен үйде демаламын. Кітап оқимын, теледидар қараймын. Балаларыммен әңгімелесемін.
Дүйсенбі күні таңертең сағат 6-да тұрамын. Жұмысқа дейін саябақтың ішінде серуендеймін. Жұмыста мен өзімнің лауазымдық міндеттерімді (должностные обязанности) орындаймын. Жұмыстан кейін мен “Кәсіпкерлер клубына” барамын. Сәрсенбіде және жұмада жұмыстан кейін бассейнге барамын.
2) Мәтін бойынша тапсырмалар/Задания по тексту