1. Үй тапсырмасын тексеру
1) Сұхбаттарды оқып, аударыңыз.
1-сұхбат
- Қайырлы таң, Әлима апай!
- Саламатсың ба, балам!
- Жағдайыңыз қалай? Қайдан келесіз?
- Рақмет, бәрі жақсы. Мектептен келе жатырмын, немерем 1-сыныпқа барды.
- Құттықтаймын. Мектеп қай жерде, алыс емес пе?
- Жоқ, алыс емес.
- Жақып атаның денсаулығы қалай?
- Қазір жақсы, «Көктем» шипажайында демалып жатыр.
2-сұхбат
Айша: - Сәлеметсің бе, Ғазиза! Танымай қалдың ба?
Ғазиза: - Саламат па, Айша! Көрмегелі көп болды. Жағдайың қалай?
Айша: - Шүкір, жаман емес. Өз жағдайың қалай?
Ғазиза: - Рахмет, жақсы. Айша, сен түк өзгермепсің! Қазір қайда тұрасың?
Айша: - Біз қазір осында, Алматыда тұрып жатырмыз. Жолдасымның аты – Қуаныш. Ұлым балабақшаға, қызым мектепке барып жүр. Ал, сен ше?
Ғазиза: - Менде де бәрі жақсы, Таразда тұрамын. Емханада жұмыс істеп жатырмын.
Айша: - Қазір қайда бара жатырсың? Үйге жүр, қонақ бол.
Ғазиза: - Көңіліңе рақмет, Айша. Кешір, мен семинарға асығып бара жатырмын. Кейін телефон соғамын.
Айша: - Жақсы, кездескенше!
Ғазиза: - Сау бол.
2) Берілген етістіктерді нақ осы шақта жіктеңіз.
Бастау, аяқтау, апару, әкелу
2. Пысықтау жаттығулары
1) Отыр, жатыр, тұр, жүр етістіктері қай қатарда дұрыс қолданылған?/ В каком ряду правильно использованы глаголы отыр, жатыр, тұр, жүр?
а) Қуаныш бастықтың алдында жатыр. Кітап үстелдің үстінде жүр. Машина ғимараттың артында отыр.
ә) Қуаныш бастықтың алдында жүр. Кітап үстелдің үстінде отыр. Машина ғимараттың артында жатыр.
б) Қуаныш бастықтың алдында отыр. Кітап үстелдің үстінде жатыр. Машина ғимараттың артында тұр.
в) Қуаныш бастықтың алдында тұр. Кітап үстелдің үстінде отыр. Машина ғимараттың артында жатыр.
2) Сұрақтаға теріс жауап беріңіз./Ответьте на вопросы отрицательно.
Сіз жұмыста отырсыз ба?
Сен «Ханшатыр» сауда үйінде жүрсің бе?
Ол үйде жатыр ма?
Сіздер вокзалда тұрсыздар ма?
3. Грамматика. Нақ осы шақтың болымсыз түрі./Отрицательная форма собственно-настоящего времени
отыр+ған
Етістіктің негізі + -ып/-іп/-п жат+қан жоқ+жіктік жалғау
(Основа глагола) тұр+ған (личн. оконч.)
жүр+ген
Мысалы:
Мен жазып жатырмын. Мен жазып жатқан жоқпын.
Сен жазып жатырсың. Сен жазып жатқан жоқсың.
Сіз жазып жатырсыз. Сіз жазып жатқан жоқсыз.
Ол жазып жатыр. Ол жазып жатқан жоқ.
Біз жазып жатырмыз. Біз жазып жатқан жоқпыз.
Сендер жазып жатырсыңдар. Сендер жазып жатқан жоқсыңдар.
Сіздер жазып жатырсыздар. Сіздер жазып жатқан жоқсыздар.
Олар жазып жатыр. Олар жазып жатқан жоқ.
4. Пысықтау жаттығулары
1) Тиісті қосымшаларды қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңыз.
Мен компьютерді қос... отыр... жоқ... .
Ол қазақ тілін үйрен... жүр... жоқ... .
Біз жаңа сөздерді жатта... жат... жоқ... .
Сен мектепте оқы... жүр... жоқ... .
Мен сізді аялдамада күт... тұр... жоқ... .
Сіз спортпен айналыс... жүр... жоқ... .
Менің екі ұлым шахмат ойна... отыр... жоқ... .
Сен киім үтікте... тұр... жоқ... .
2) Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.
Ты сейчас не слушаешь радио.
Вы сегодня не выполняете упражнения.
Болат не ходит на базаре.
Они сейчас не умываются.
Вы (сіздер) сейчас не завтракаете?
Дети еще не спять.
5. Сөз орамдарын жаттап алыңыз.
|
Өкінішке орай Ертеңге дейін! Шынымен бе? Көңіліңе рақмет! Көңіліңізге рақмет! |
К сожалению До завтра! Разве? Правда? Спасибо за внимание! |
6. Мәтінді оқып, аударыңыз.
Біздің үйіміз
Біз қазір Қостанайда тұрып жатырмыз. Біздің үйіміз Абай даңғылында орналасқан. Нөмірі алтыншы үй – біздікі. Бұл көп қабатты үй емес, жеке меншік үй. Біздің үйдің төрт бөлмесі бар. Кіре берісте кең, үлкен дәліз. Одан әрі қарай – төргі бөлме. Төргі бөлменің үлкен бір терезесі бар, оң жағында екі кресло, бұрышта теледидар және қабырғада сурет ілулі тұр. Төргі бөлменің сол жағында диван және журнал үстелі тұр. Келесі бөлме – жатын бөлме. Жатын бөлменің оң жағында балалар бөлмесі мен кабинет бар. Әр бөлмеде кілем жатыр. Асүйіміз онша үлкен емес.
Бүгін – жексенбі. Бірақ біз демалып жатқан жоқпыз, үйді жинап жатырмыз. Ағам бөлмелерді шаңсорғышпен тазалап жатыр, мен шаң сүртіп жүрмін, ал әпкем едендерді жуып жатыр.
Үйіміз бізге өте ұнайды.
Сөздік
кіре берісте – у входа жинау – убирать, собирать
жақ – сторона сүрту – вытирать
оң жақта – с правой стороны, справа жуу – мыть
сол жақта – с левой стороны, слева ілулі тұр - висит
дәліз – прихожая, коридор
одан әрі қарай - дальше
төргі бөлме – гостиная
қабырға - стена
жатын бөлме/ ұйықтайтын бөлме – спальня
асүй – кухня
шаңсорғыш – пылесос
7. Үй тапсырмасы.
1) Сөйлемдердегі етістіктерді болымсыз түрге айналдырып, оқыңыз.
Қазір далада жаңбыр жауып тұр. Мен музыка тыңдап отырмын. Маржан телефонмен сөйлесіп отыр. Әкем телевизор көріп отыр. Анам ас әзірлеп жатыр. Ол банкте жұмыс істеп жатыр. Ал Әлия сұлулық салонына жаяу бара жатыр. Атам шипажайда демалып жатыр. Тараздан әжем келе жатыр. Құрбым «Самал» шағынауданында тұрып жатыр.
2) Сұхбатты қазақ тіліне аударыңыз.
- Привет, Динара!
- Привет, Сания! Как твои дела?
- Прекрасно. Сама куда идешь?
- Иду домой.
- А где ты живешь?
- Я живу в 1-микрорайоне, в 5-доме. А ты?
- Мой дом расположен на улице Ауезова. До работы далеко.
- А я на работу хожу пешком. Рада тебя видеть. Пойдем домой, будь гостьей.
- К сожалению, сейчас у меня нет времени, иду в детсад. Давай, встретимся в выходной день.
- Хорошо. Пока!
- До встречи!