1. Тіл ширату / Речевая разминка
Сұрақтарға жауап беріңіз / Ответьте на вопросы.
1) Сіз қазір Қостанайда тұрып жатырсыз ба?
2) Сіз қай көшеде, қай үйде тұрасыз?
3) Үйіңіз жұмысқа жақын ба, алыс па?
4) Қазір үйіңізде кім бар?
5) Олар не істеп жатыр?
2. Үй тапсырмасын тексеру / Проверка домашнего задания
Сөйлемдердегі етістіктерді болымсыз түрге айналдырып оқыңыз. / Прочитайте предложения, употребляя глаголы в отрицательной форме.
Қазір далада жаңбыр жауып тұр. Мен музыка тыңдап отырмын. Маржан телефонмен сөйлесіп отыр. Әкем телевизор көріп отыр. Анам ас әзірлеп жатыр. Ол банкте жұмыс істеп жатыр. Ал Әлия сұлулық салонына жаяу бара жатыр. Атам шипажайда демалып жатыр. Тараздан әжем келе жатыр. Құрбым «Самал» шағынауданында тұрып жатыр.
3. Сөздік / Словарь
туыс пойыз ұшақ көлік өтініш электронды пошта туған күн екеуміз үшеуміз қатты әрқалай
|
родственник поезд самолет транспорт просьба электронная почта день рождения вдвоем втроем сильно по-разному |
әңгімелесу күтіп алу шығарып салу SMS жіберу киіну ұйқыдан тұру жуыну тамақтану таңғы ас ішу кешкі ас ішу түскі ас ішу дайындау дайындалу шаршау қыдыру |
разговаривать встретить проводить отправить SMS одеваться вставать, просыпаться умываться есть, кушать завтракать ужинать обедать готовить готовиться уставать гулять |
4. Сөздік жұмыс / Словарная работа
1) Берілген сөздермен сөз тіркестерін құраңыз. / Составьте словосочетания с данными словами.
Үлгі / Образец: туыс – біздің туысымыз
Туыс, бастық, өтініш, пошта, туған күн, көлік, пойыз
2) Берілген сөздердің аудармасын табыңыз. / Найдите перевод данных слов.
кездесу |
здороваться |
амандасу |
беседовать |
күтіп алу |
проводить |
әңгімелесу |
связаться |
шығарып салу |
встречаться |
хабарласу |
отправить на почту |
поштаға жіберу |
встретить |
5. Грамматика
1) Жедел өткен шақ / Очевидное прошедшее время
Сен кеше не істе+ді+ң? / Что ты делал/сделал вчера?
Сіз кеше не істе+ді+ңіз? / Что вы делали/сделали вчера?
Таңертең (утром): - ерте тұр-ды-м. - таңғы асымды іш-ті-м. - тез киін-ді-м. - сосын жұмысқа кет-ті-м.
|
Күндіз (днем): - жұмыста/сабақта бол-ды-м. - семинарға бар-ды-м. - анаммен әңгімелес-ті-м. - қонақтарды күтіп ал-ды-м. |
Кешке (вечером): - досыммен кездес-ті-м. - үйге кел-ді-м. - кешкі асымды іш-ті-м. - теледидар көр-ді-м. |
Етістіктің негізі + -ды-/ді, -ты-/-ті-+жіктік жалғау
(Основа глагола) (личн. оконч.)
күтіп ал+ды+м киін+ді+м хабарлас+ты+м кездес+ті+м
2) Етістіктің жедел өткен шақта жіктелуі / Спряжение глаголов очевидного прошедшего времени
Жекеше |
Көпше |
І. Мен жаз-ды-м, кездес-ті-м. ІІ. Сен жаз-ды-ң, кездес-ті-ң. ІІ. Сіз жаз-ды-ңыз, кездес-ті-ңіз. ІІІ. Ол жаз-ды, кездес-ті. |
Біз жаз-ды-қ, кездес-ті-к. Сендер жаз-ды-ң-дар, кездес-ті-ң-дер. Сіздер жаз-ды-ңыз-дар, кездес-ті-ңіз-дер. Олар жаз-ды, кездес-ті. |
3) Салыстырыңыз. / Сравните.
Мен дайында-й-мын. Мен дайында-ды-м.
Сен дайында-й-сың. Сен дайында-ды-ң.
Сіз дайында-й-сыз. Сіз дайында-ды-ңыз.
Ол дайында-й-ды. Ол дайында-ды.
Біз дайында-й-мыз. Біз дайында-ды-қ.
Сендер дайында-й-сыңдар. Сендер дайында-ды-ңдар.
Сіздер дайында-й-сыздар. Сіздер дайында-ды-ңыздар.
Олар дайында-й-ды. Олар дайында-ды.
4) Берілген етістіктерді жедел өткен шақта жіктеңіз. / Проспрягайте данные глаголы в очевидном прошедшем времени.
Амандасу, серуендеу, тамақтану, көмектесу
5) Үлгі бойынша сөйлесіңіз./Поговорите по образцу.
Модель 1: – Қанат, кеше қайда болдың?
– Досыммен бірге киноға бардым.
Модель 2: – Сәуле Сәкенқызы, сіз қайда болдыңыз?
– Мен емханада болдым. бардым
Модель 3: – Кеше футбол көрдің бе?
– Жоқ, үйге кеш келдім, қатты шаршадым.
6) Назар аударыңыз! / Обратите внимание!
Жедел өткен шақтың болымсыз түрі / Отрицательная форма прошедшего времени
-ма-/-ме-
Основа глагола + -ба-/-бе- + -ды-/-ді-+ личн. оконч.
-па-/-пе-
Мысалы/Например:
күтіп ал+ма+ды+м киін+бе+ді+м хабарлас+па+ды+м кездес+пе+ді+м
7) Көп нүктенің орнына етістіктің тиісті болымсыз жұрнағын жазыңыз. / Вместо точек напишите подходящие суффиксы отрицательной формы глагола.
Ойна...дым, әңгімелес...дің, күтіп ал...дық, SMS жібер...дік, киін...ді, ұйқыдан тұр...дым, жуын...дыңыз, тамақтан...дыңыздар, түскі ас іш...діңдер, шарша...ды
8) Сұрақтарға үлгі бойынша жауап беріңіз. / Ответьте на вопросы по образцу.
Үлгі: - Сіз бүгін сабаққа дайындалдыңыз ба?
- Иә, мен бүгін сабаққа дайындалдым.
- Жоқ, мен бүгін сабаққа дайындалмадым.
а) Сіз кеше кешке досыңызбен кездестіңіз бе?
ә) Мен бүгін кешіктім бе?
б) Ол бүгін газет оқыды ма?
в) Сендер кеше үй шаруасымен айналыстыңдар ма?
9) Кіммен? Немен? / С кем? На чем?
Кіммен? Асқар-мен Мен Бақыт-пен Жұлдыз-бен |
кездестім. сөйлестім. хабарластым. |
Немен? автобус-пен Мен машина-мен пойыз-бен |
кеттім. бардым. келдім.
|
! Слово + - мен, -пен, -бен = обозначает совместность действий, средство передвижения |
10) Сөздерге - мен, -пен, -бен жалғауларын жалғаңыз. / Прибавьте к словам окончания - мен, -пен, -бен.
Марат көлік
әріптесім пойыз
бастық ұшақ
қыз машина
11) Үлгі бойынша сөйлесіңіз. / Поговорите по образцу.
Модель 1: – Асқар, кешке қайда болдың?
– Мен Жұлдызбен кездестім.
Модель 2: – Мен ұшақпен келдім, сен ше?
– Мен пойызбен келдім.
6. Сұхбатты оқып, тапсырмасын орындаңыз. / Прочитайте диалог, выполните задание к диалогу.
Қанат: - Алло! Самат, қалың қалай? Не жаңалық бар?
Самат: - Рақмет, бәрі жақсы. Сенде не жаңалық бар?
Қанат : - Мен кеше Қайраттың туған күніне бардым, сені көрмедім.
Самат: - Иә, мен бара алмадым. Мен кешке Алматыға кеттім. Сен кіммен бардың?
Қанат:- Мен Самалмен бардым. Сен пойызбен кеттің бе, әлде ұшақпен бе?
Самат: -Ұшақпен кеттім.
Қанат:- Қазір сен осындасың ба?
Самат: - Иә, бүгін келдім.
Қанат:- Жарайды, кездескенше!
Сәйкестендіріңіз. / Сопоставьте выражения.
туған күнге сені Қайраттың қалың ұшақпен |
көрмедім кеттім қалай? бардым туған күні |
7. Үй тапсырмасы / Домашнее задание
1) Сөйлемдерге дұрыс сөзді табыңыз. / Подберите слова к предложениям.
1. Таңғы асымды тез ... . 2. Мен кешке ... кездестім. 3. Кеше ... көрдің бе? 4. Туыстарым ертең ... кетеді. 5. Туған күнде оның ... болды. |
Асқармен құрбылары іштім футбол пойызбен |
2) Сұрақтарға жауап беріңіз. / Ответьте на вопросы.
а) Сіз қай жылы, қай жерде тудыңыз?
ә) Сіз қашан және қай мектепті бітірдіңіз?
б) Демалыс күндеріңіз қалай өтті?
в) Бүгін таңертең немен айналыстыңыз?
г) Кеше кешке теледидарды кіммен көрдіңіз?
ғ) Іссапарға немен бардыңыз?
д) Үй тапсырмасын кім дайындады?
3) Жағдаяттық тапсырма / Ситуативное задание
Спросите у друга, когда он вчера пришел домой.
Спросите у друга, когда он утром проснулся.
Спросите у друга, с кем он поехал утром на рынок.