1. Тіл ширату / Языковая разминка
А) Сәлемдесу / Приветствие:
- Сәлеметсіз бе? Қалыңыз қалай?
- Қайырлы таң! Көңіл-күйіңіз жақсы ма?
- Амансыз ба? Жұмысыңыз қалай?
- Саламатсыз ба? Денсаулығыңыз қалай?
- Қайырлы күн! Не жаңалық бар?
В) Берілген сөз орамдарын қазақ тіліне аударыңыз. / Переведите данные речевые обороты на казахский язык.
Привет! Доброе утро!
Добрый вечер! Здравствуй!
Здравствуйте! Прощай!
До свидания! Прощайте!
До встречи! Пока!
Я Ты
Вы Он
C) Мақалды оқып, жаттап алыңыз. / Прочитайте пословицу, выучите ее.
Сақтықта қорлық жоқ, сәлемде зорлық жоқ.
(В осторожности нет зазорного, в приветствии нет принуждения.)
2. Үй тапсырмасын тексеру / Проверка домашнего задания
3. Сөйлеп жаттығамыз. / Учимся говорить.
- Менің атым Перизат. Сенің атың кім?
- Менің атым ... .
- Менің атым Перизат. Сіздің атыңыз кім?
- Менің атым ... .
- Танысайық. Менің атым Перизат. Сіздің атыңыз кім?
- Менің атым ... .
- Танысқаныма қуаныштымын!
- Мен де.
- Танысайық. Менің есімім Перизат. Сіздің есіміңіз кім?
- Менің есімім ... .
- Танысқаныма қуаныштымын!
- Мен де танысқаныма қуаныштымын.
4. Есте сақтаңыз. / Запомните.
ат, есім – имя
аты-жөні – полное имя, происхождение
әріптес – коллега
дос – друг
жұмыс – работа
жұмыс істеу – работать
қуаныш – радость
құрбы – подруга
рұқсат – разрешение
рұқсат ету – разрешить
таныс – знакомый, знакомься
танысу – знакомиться
таныстыру – знакомить
тегі – фамилия
Сөз орамдары / Выражения речевого этикета
Танысайық. – Давайте, познакомимся.
Таныс болайық. – Будем знакомы.
Сізбен танысуға бола ма? – Можно с вами познакомиться?
Сенiң атың (есімің) кiм? – Как тебя зовут?
Сiздiң атыңыз (есіміңіз) кiм? – Как вас зовут?
Сенiң аты-жөнiң кiм? – Как твое имя-отчество?
Сiздiң аты-жөнiңiз кiм? – Как ваше имя-отчество?
Менiң атым /есiмiм/ – Меня зовут
Менiң аты-жөнiм – Меня зовут (мое имя-отчество)
Оның аты /есiмi, аты-жөнi/ кiм? – Как его зовут?
Оның аты /есiмi, аты-жөнi/ – Его зовут
Танысып қойыңыз, ... – Знакомьтесь ...
Таныстыруға рұқсат етіңіз. – Разрешите вас познакомить.
Танысқаныма қуаныштымын! – Рад(а) познакомиться!
Мен де танысқаныма қуаныштымын! – Я тоже рад(а) познакомиться.
5. Сұхбаттарды оқыңыз. / Прочитайте диалоги.
1)
- Сәлеметсiз бе?
- Сәлеметсiз бе?
- Менің атым Юра. Сіздің атыңыз кім?
- Менің атым Айдана.
- Танысқаныма қуаныштымын!
- Мен де.
***
2)
- Сіз Сергейсіз бе?
- Иә, мен Сергеймін. Ал сіз кімсіз?
- Менің атым Санжар. Танысқаныма қуаныштымын!
- Мен де.
***
3)
- Сәлем!
- Сәлем!
- Таныс болайық, менің атым Самат.
- Таня. Өте қуаныштымын!
***
4)
- Сәлеметсiз бе?
- Сәлеметсiз бе?
- Сiзбен танысуға бола ма?
- Әрине. Менiң аты-жөнiм Айдана Серікқызы. Ал сiздiң аты-жөнiңiз кiм?
- Менiң аты-жөнiм Юрий Сергейұлы.
- Танысқаныма қуаныштымын!
- Мен де танысқаныма қуаныштымын.
- Сау болыңыз, Юрий Сергейұлы.
- Кездескенше, Айдана Серікқызы!
***
5)
- Танысайық! Сенің есiмiң кiм?
- Менiң есiмiм Айгүл . Ал сенің ше?
- Менiң есiмiм Самал. Танысқаныма өте қуаныштымын!
- Самал, сен студентсің бе?
- Иә, мен студентпін. Сен ше?
- Мен де студентпін.
- Келесі кездескенше, Айгүл!
- Көріскенше, Самал!
***
6)
- Сәлеметсiз бе, Катя?
- Қайырлы таң, Виктор!
- Таныс болыңыз, Катя! Бұл бiздiң жаңа әріптесіміз. Аты-жөнi – Марат Серікұлы.
- Өте жақсы!
***
7)
- Виктор, анау кiм?
- Ол менiң досым.
- Оның аты кiм?
- Оның аты Сергей.
- Ол жұмыс істейді ме?
- Жоқ, ол студент.
***
8)
- Сара, бұл кім?
- Бұл менің құрбым. Танысып қойыңыз.
- Оның аты Жанат па?
- Жоқ, оның аты Айжан.
- Айжан, сізбен танысқаныма өте қуаныштымын. Менің атым Санжар.
- Танысқаныма қуаныштымын!
6. Қазақ тілінің дауысты дыбыстары / Гласные звуки казахского языка
Дауысты дыбыстар / Гласные звуки: а, ә, е, и, о, ө, у, ұ, ү, ы, i;
а/ жуан дауысты дыбыстар/твердые гласные звуки: а, о, ұ, ы, и, у;
б/ жiңiшке дауысты дыбыстар/мягкие гласные звуки: ә, ө, ү, i, е, и, у;
Назар аударыңыз / Обратите внимание: а-ә; о-ө; ұ-ү; ы-і; и-и, у-у; е
Жаттығу/упражнение. Көп нүктенiң орнына дауысты дыбыстардың тиiстiсiн қойып, көшiрiңiз./Вместо многоточия вставьте нужные гласные звуки.
А - ә: с...лем, ж....рдем, ад...м, аст...на, ап..., ...ке, ал...ң, к...сіп, т...қта;
Ы – i: қазақ т...лi, сер...к, жақс..., тоғ...з, к...лем, сөзд...к, бақ...т, м...нау,
О - ө: ...зiм, ...рындық, ...мiр, ж...лдас, б...лме, ...рман, ж...л, с...здік;
Ұ – ү: жан...я, ...стел, ж...мыс, т...рмыс, ...мiт, ...зақ, ...лгiлi, ...лкен.
7. Мәтінді оқыңыздар.
Алматы
Менің Отаным – Қазақстан. Ол – тәуелсіз, жас, бай мемлекет. Қазақстанның әдемі қалалары көп. Солардың бірі – Алматы қаласы. Алматы – Қазақстанның ең үлкен қаласы, ол бұрын астана болған. Оның табиғаты өте әдемі. Қала Алатау тауының етегінде орналасқан. Алатау Алматыға ерекше сұлулық береді. Алматыда көп қабатты тұрғын үйлер, зәулім ғимараттар, саябақтар өте көп. Алматы – республикамыздың мәдени, саяси, ғылыми және қаржы орталығы. Қаламызда театрлар, университеттер, кітапханалар, халықаралық деңгейдегі мейманханалар, сауда үйлері, әлемге әйгілі «Медеу» мұз айдыны бар.
Алматы – менің сүйікті қалам.
|
Отан – родина Тәуелсіз – независимый Таудың етегі – подножие горы Ерекше – особый, особенно Көркем – красивый Сұлулық – красота Тұрғын – 1. Жилой, жилище; 2. Житель Саябақ – парк |
Саяси – политический Ғылыми – научный Қаржы – финанс Мәдени – культурный Халықаралық деңгей – международный уровень Әлемге әйгілі – всемирно известный Сүйікті – любимый |
7. Үй тапсырмасы / Домашнее задание
1.Тапсырмалар:
1) Выпишите новые слова: ______________________________________
2) К этим словам напишите синонимы и антонимы
3) Попытайтесь составить предложения.
2. Ответьте на вопросы:
1) Алматы қандай қала?
2) Ол қайда орналасқан?
3) Қазақстанда қандай қалалар көп?
4) Алматыда әлемге әйгілі не бар?
5) Алматы қандай орталық?
6) Алматының табиғаты қандай?
7) Алматыда не көп?
8) Қазақстан қандай мемлекет?
9) Қаламызда тағы нелер бар?
3. Бос орынды толтырыңыз. / Допишите диалог.
- Кеш жарық!
- ____________________
- Танысайық, менің _____________ Арман. Сенің атың кім?
- Менің __________ Динара.
- Танысқаныма ______________ !
- ___________________ .