1. Тіл ширату
1) Мақалды оқып, есте сақтаңыз.
Уақыт – алтыннан да қымбат. (Время – дороже золота)
2) «Уақыт» тақырыбына қатысты сөздерді атаңыз.
Үлгі: сағат, таң, түскі, ...
3) Үлгі бойынша әріптесіңізбен сөйлесіңіз./По образцу поговорите с коллегой.
- Cәлеметсің бе, Әлия!
- Сәлем, Болат! Қалайсың? Не жаңалық бар?
- Бәрі бұрынғыша. Қайда бара жатырсың?
- Жұмысқа.
- Жұмысқа?
- Иә, қазір мен «Әсем» сұлулық салонында жұмыс істеймін.
- Ол қай жерде?
- Орталық базардың жанында. Өзің қайда бара жатырсың?
- Мен азық-түлік дүкеніне бара жатырмын. Айтып жіберші, сағат неше?
- Қазір сағат тоғыз жарым.
- Рақмет, Әлия! Жолың болсын!
- Сау бол!
2. Үй тапсырмасын тексеру
1) Сұрақтарға жауап беріңіз.
1) Сіз досыңыз туралы не айтасыз?
2) Сіздің қандай достарыңыз бар?
3) Достарыңызбен уақытты қалай өткізесіз?
4) Жақын дос, адал дос дегенді қалай түсінесіз?
5) Дос туралы қандай мақал білесіз?
3. Берілген сөйлемдерді толықтырыңыз.
Үлгі: Мен боламын.
Мен достарыммен қонақта боламын.
Мен демалыс күні достарыммен бірге боламын.
1) Біз барамыз. 2) Мен орындаймын. 3) Сен серуендейсің бе? 4) Жұмыс басталады.
4. Грамматика.
1) Жай нақ осы шақ (простое собственно-настоящее время):
Отыру, тұру, жату, жүру
отыр
тұр + жіктік жалғау (личные окончания)
жатыр
жүр
Жекеше түрі (ед. ч.) Көпше түрі (мн. ч.)
І жақ. Мен -мын/-мін Біз -мыз/-міз
ІІ жақ. Сен -сың/-сің Сендер -сыңдар/-сіңдер
ІІ жақ. Сіз -сыз/-сіз Сіздер -сыздар/-сіздер
ІІІ жақ. Ол -- Олар --
І жақ. Мен отыр-мын. Біз отыр-мыз.
ІІ жақ. Сен отыр-сың. Сендер отыр-сыңдар.
ІІ жақ. Сіз отыр-сыз. Сіздер отыр-сыздар.
ІІІ жақ. Ол отыр. Олар отыр.
2) Тұр, жатыр, жүр етістіктерін жіктеңіз.
3) Берілген сөйлемдерді нақ осы шақта аяқтаңыз.
Мен орындықта (сижу) ... .
Сен дүкенде (ходишь) ... .
Біз кабинетте (сидим) ... .
Құжаттар сөреде (лежат) ... .
Олар кезекте (стоят) ... .
Мен үйде (лежу) ... .
Сендер қаланың орталығында (стоите) ... .
Сіздер кинотеатрда (сидите) ... .
Ол саябақта (ходит) ... .
Сіз аялдамада (стоите) ... .
4) Сұхбатты оқыңыздар. Осы сұхбатты негізге алып өздеріңіз толықтырыңыздар.
- Мен университетте жүрмін |
5. – Сендер қалада жүрсіңдер ме? - Иә, біз қалада жүрміз. |
|
2. – Сіздер қайда жүрсіздер? - Біз көк базарда жүрміз. |
6. – Сен қайда жатырсың? - Кереуетте жатырмын. |
|
3. - Сен үйде отырсың ба? - Иә, мен үйде отырмын. |
7. – Мақсат қайда жатыр? - Ол диванда жатыр. |
|
4. – Сіз жұмыста отырсыз ба? - Жоқ, жұмыста емеспін, мен қазір дәрігерде отырмын. |
8. - Айгерім, машинаң қайда? - Үйдің алдында тұр. |
5) Қазақ тіліне аударыңыздар.
1. Я стою на остановке автобуса
2. А ты где стоишь?
3. Ты стоишь в очереди?
4. Где вы стоите?
5. Мы стоим на улице Төле би
6. Стойте там, никуда не уходите.
7. А вы где?
8. Мы находимся в магазине «Заңгар»
9. Вы где сидите?
10. Мы сидим на уроке казахского языка
11. Марат сидит сейчас в своей комнате.
12. Где вы ходите?
13. Мы сейчас находимся в торговом центре «Апорт».
6) Жай нақ осы шақ етістіктерінің болымсыз түрі (отрицательная форма глаголов простого собственно-настоящего времени):
Мен отырған (жатқан, тұрған, жүрген) жоқпын.
Сен отырған (жатқан, тұрған, жүрген) жоқсың.
Сіз отырған (жатқан, тұрған, жүрген) жоқсыз.
Ол отырған (жатқан, тұрған, жүрген) жоқ.
Біз (жатқан, тұрған, жүрген) жоқпыз.
Сендер отырған (жатқан, тұрған, жүрген) жоқсыңдар.
Сіздер отырған (отырған жатқан, тұрған, жүрген) жоқсыздар.
Олар отырған (жатқан, тұрған, жүрген) жоқ.
7) Берілген сөйлемдерді болымсыз нақ осы шақта аяқтаңыз.
Мен орындықта (не сижу) ... .
Сен дүкенде (не ходишь) ... .
Біз кабинетте (не сидим) ... .
Құжаттар сөреде (не лежат) ... .
Олар кезекте (не стоят) ... .
Мен үйде (не лежу) ... .
Сендер қаланың орталығында (не стоите) ... .
Сіздер кинотеатрда (не сидите) ... .
Ол саябақта (не ходит) ... .
Сіз аялдамада (не стоите) ... .
8) Мәтінді оқыңыздар.
Менiң демалыс күнiм
Менiң демалыс күнiм – сенбі және жексенбi. Осы күндері мен төсектен сағат онда тұрамын. Демалыс күндерi ұйқымды қандырғым келедi. Жуынып, таңғы асымды iшемiн. Содан кейiн үй шаруасына көмектесемiн. Көмектесiп болып, достарыммен кездесемiн. Демалыс күнiң қызықты өткiзу үшiн, бiз саябаққа немесе театрға барамыз.
Мен театрға барғанды жақсы көремін. Онда көркем классикалық қойылымдар болады. Мүмкiндiк болса, табиғатта отбасыммен өткiзгендi ұнатамын. Қазiргi таңда қала ауасы таза емес. Сондықтан қала сыртында демалғанды дұрыс деп санаймын.
Жексенбi күнi ауа райы ашық болғаны абзал, өйткенi көшеде серуендеуге қолайлы. Егер күн бұлтты болып, жаңбыр жауып тұрса, амал жоқ үйде отыруға тура келедi. Кешке қарай отбасымызбен үлкен дастарқан басында жиналамыз. Қызықты әнгiмелер айтып, тоқашпен шәй iшемiз. Қарындасымның пианинода ойнағанын, інімнің домбырада күй тартқанын тамашалаймыз. Кейде бәріміз бірге ән де шырқаймыз.
Менiң ойымша мен демалыс күнiмдi қызықты өткiземiн.
8. Үй тапсырмасы.
1) Көп нүктенің орнына тиісті жіктік жалғауларын қойыңыз.
1) Мен жұмыста жүр... . 2) Марат мен Болат мәжіліс бөлмесінде отыр... . 3) Ол өз кабинетінің жанында тұрған жоқ... . 4) Сіз кереуетте жатыр... . 5) Сендер саябақта жүр... ме? 6) Жұмысшылар қайда жүр... ? 7) Сіздер қонақ үйде жатқан жоқ... . 8) Сен бастықтың алдында отыр... ба? 9) Біз сенбілікте жүрген жоқ... . 10) Олар мектептің артында тұр... .
2) Сұрақтарды аударып, оларға жауап беріңіз.
Где вы ходите?
Где ты сидишь?
Где лежат документы?
Где мы стоим?