18-сабақ (уровень A1). Досыммен кездестім

906 просмотров Добавлено 9 июля

1. Тіл ширату / Речевая разминка

Сұрақтарға жауап беріңіз. / Ответьте на вопросы. 

 

1) Сіз қазір Қостанайда тұрып жатырсыз ба?

2) Сіз қай көшеде, қай үйде тұрасыз?

3) Үйіңіз жұмысқа жақын ба, алыс па?

4) Үйіңіз (пәтеріңіз) неше бөлмелі?

5) Қазір үйіңізде кім бар?

6) Олар не істеп жатыр?

7) Сізге үйіңіз ұнай ма?

 

2. Үй тапсырмасын тексеру / Проверка домашнего задания

 

3. Сөздік / Словарь

туыс

пойыз

ұшақ

көлік

өтініш

электронды пошта

 

туған күн

екеуіміз

үшеуміз

қатты

әрқалай

 

родственник

поезд

самолет

транспорт

просьба

электронная почта

день рождения

вдвоем

втроем

сильно

по-разному

әңгімелесу

күтіп алу

шығарып салу

SMS жіберу

киіну

ұйқыдан тұру

жуыну

тамақтану

таңғы ас ішу

кешкі ас ішу

түскі ас ішу

дайындау

дайындалу

шаршау

қыдыру

разговаривать

встретить

проводить 

 

отправить SMS  

 

одеваться

вставать, просыпаться 

 

умываться

есть, кушать

завтракать 

 

ужинать 

 

обедать

готовить

готовиться

уставать

гулять



4. Сөздік жұмыс / Словарная работа


1) Берілген сөздермен сөз тіркестерін құраңыз. / Составьте словосочетания с данными словами.

Үлгі / Образец: туыс – біздің туысымыз

 

Туыс, бастық, өтініш, пошта, туған күн, көлік, пойыз

 

2) Берілген сөздердің аудармасын табыңыз. / Найдите перевод данных слов.

 

кездесу

здороваться

амандасу

беседовать

күтіп алу

проводить

әңгімелесу

связаться

шығарып салу

встречаться

хабарласу

отправить на почту

поштаға жіберу

встретить



5. Грамматика 


1)   Жедел өткен шақ / Очевидное прошедшее время

 

Етістіктің негізі + -ды-/ді, -ты-/-ті-+жіктік жалғау

(Основа глагола)                              (личн. оконч.)

 

Мысалы/Примеры:

Сен кеше не істе+ді+ң?/ Что ты делал/сделал вчера?

 

Таңертең (утром):

- ерте тұр-ды-м.

- таңғы асымды іш-ті-м.

- тез киін-ді-м.

- сосын жұмысқа кет-ті-м

 

Күндіз (днем):

- жұмыста/сабақта бол-ды-м

- семинарға бар-ды-м.

- досыммен кездес-ті-м.

- қатты шарша-ды-м.

Кешке (вечером):

- досыммен кездес-ті-м.

- үйге кел-ді-м.

- кешкі асымды іш-ті-м.

- теледидар көр-ді-м.

 

2)   Етістіктің жедел өткен шақта жіктелуі / Спряжение глаголов очевидного прошедшего времени

 

Жекеше

Көпше 

І. Мен жаз-ды-м, кездес-ті-м.

ІІ. Сен жаз-ды-ң, кездес-ті-ң.

ІІ. Сіз жаз-ды-ңыз, кездес-ті-ңіз.

ІІІ. Ол жаз-ды, кездес-ті.

Біз жаз-ды-қ, кездес-ті-к.

Сендер жаз-ды-ң-дар, кездес-ті-ң-дер.

Сіздер жаз-ды-ңыз-дар, кездес-ті-ңіз-дер.

Олар жаз-ды, кездес-ті.

 

3)   Үлгі бойынша сөйлесіңіз. / Поговорите по образцу.

Модель 1:       –  Қанат, кеше қайда болдың?

 Досыммен бірге киноға бардым.

 

Модель 2:       –  Сәуле Сәкенқызы, сіз қайда болдыңыз?

                         Мен емханада болдым.

 

Модель 3:       –  Кеше футбол көрдің бе?

                        – Жоқ, үйге кеш келдім, қатты шаршадым.

 

4) Кіммен? Немен? С кем? На чем?

Кіммен?                                                           

Мен          Бақыт-пен               

                 Асқар-мен              

                 Жұлдыз-бен         

 

кездестім.

сөйлестім.  

хабарластым.

Немен?

                  автобус-пен                

Мен          машина-мен

                  пойыз-бен  

 

кеттім.

бардым.

келдім.

 ! Слово + - мен, -пен, -бен = обозначает совместность действий, средство передвижения



Сөздерге
- мен, -пен, -бен жалғауларын жалғаңыз. / Прибавьте к словам окончания - мен, -пен, -бен.

Марат                          көлік

әріптесім                      пойыз

бастық                         ұшақ

қыз                              машина

 

Үлгі бойынша сөйлесіңіз. / Поговорите по образцу.

Модель 1:       – Асқар, кешке қайда болдың?

                      – Мен  Жұлдызбен кездестім.

 

Модель 2:       – Мен ұшақпен келдім, сен ше?

                      – Мен пойызбен келдім.

 

6. Сұхбатты оқып, тапсырманы орындаңыз. / Прочитайте диалог, выполните задание к диалогу.

Қанат: - Алло! Самат, қалың қалай?  Не жаңалық бар? 

Самат: - Рақмет, бәрі жақсы. Сенде не жаңалық бар?

Қанат : - Мен кеше Қайраттың туған күніне бардым, сені көрмедім.

Самат: - Иә, мен бара алмадым. Мен кешке Алматыға кеттім. Сен кіммен бардың?

Қанат:- Мен Самалмен бардым. Сен пойызбен кеттің бе, әлде ұшақпен бе?

Самат: -Ұшақпен кеттім.

Қанат:- Қазір сен осындасың ба?

Самат: - Иә, бүгін келдім.

Қанат:- Жарайды, кездескенше! 

 

Сәйкестендіріңіз. / Сопоставьте выражения. 

туған күнге

сені

Қайраттың

қалың

ұшақпен

көрмедім

кеттім

қалай?

бардым

туған күні

 

7.

1) Сөйлемдерге дұрыс сөзді табыңыз. / Подберите слова к предложениям.

 

1. Таңғы асымды тез       ...       .

2. Мен кешке    ...       кездестім.

3. Кеше     ...    көрдің бе?

4. Туыстарым ертең      ...     кетеді.

5. Туған күнде оның      ...       болды.

Асқармен

құрбылары

іштім

футбол

пойызбен

 

2) Сұхбаттарды оқып, олардың тапсырмаларын орындаңыз. / Прочитайте диалоги и выполните задания к ним.

 

1-сұхбат/Диалог 1

 

- Айша, кеше қайда болдың?

- Кеше таңертең базарға бардым, азық-түлік сатып алдым.

- Түстен кейін ше?

- Түстен кейін құрбыммен саябақта қыдырдым.

- Кешке не істедің?

- Кешке теледидар көрдім, музыка тыңдадым.

 

1-сұхбатқа тапсырма / Задание к диалогу 1

Дұрыс вариантты таңдаңыз. / Выберите правильный вариант.

 

...    базарға бардым.

 

 

таңғы ас

таңертең

түскі ас

Түстен кейін   ...   саябақта қыдырдым.

әріптесіммен

бастығыммен

құрбыммен

Кешке теледидар   ...   .

 

жаздым

тыңдадым

көрдім

 

2-сұхбат / Диалог 2

 

- Ал бүгін нешеде тұрдың?

- Бүгін де ерте тұрдым.

- Сосын не істедің?

- Жуындым, таңғы асымды іштім. Киіндім де университетке кеттім.

- Қашан келдің?

- Кеш келдім.

- Автобуспен келдің бе?

- Жоқ, таксимен келдім.

 

2-сұхбатқа тапсырма / Задание к диалогу 2

 

Спросите у друга, когда он пришел домой.

Спросите у друга, когда он проснулся.

Обратитесь к незнакомому с вопросом, как проехать в центр.

Спросите у друга, куда он поехал утром.

 

 

8.    Сұхбатты оқыңыздар, аударыңыздар.

 

- Сәлем, Қарлығаш!

- Сәлем, Жарас!

- Қал-жағдайың жақсы ма?

- Жаман емес. Өзің қалайсың?

- Жақсы, рақмет. Денсаулығың қалай?

- Өткен аптада аздап ауырдым. Қазір жақсымын, жазылдым. Сен кеше кешке не істедің? Мен саған телефон соқтым, бірақ сен жауап берген жоқсың ғой.

- А, солай ма? Маған кеше достарым келді. Мен телефонның дауысын естімедім. Кешір!

- Ештеңе емес. Саған кімдер келді?

- Айжан, Алмас, Лашын,  Диана келді.

- Кешті жақсы өткіздіңдер ме? Көңілді болған шығар.

- Иә, өте тамаша өткіздік! Біз бірге кешкі тамақ дайындап іштік.  Содан кейін кино көрдік. Кино өте қызық екен!

- Кино ағылшынша ма, орысша ма?

- Қазақтың киносы, қазақ тілінде, жаңа фильм екен.  Кинодан кейін тортпен шәй ішіп, әңгімелестік, Лашын гитарамен ән айтты. Ал Диана домбырамен күй тартты, біз тыңдадық.

- О-о-о, өте көңілді болған екен! Мен қуаныштымын. Маған тезірек үйге кету керек еді. Кездескенше сау бол!

- Көріскенше, сау бол, Қарлығаш!

 

1)   Сұхбат не туралы? Өз сөзіңізбен айтыңыз // О чем диалог? Расскажите свой словами.

 

  1. 9.     Сөйлемді аяқтаңыз. Закончите предложение.

 

  1. Мен сенімен .................................................................................. .
  2. Азамат кеше досымен .............................................................. .
  3. Біз жазда Түркияға ұшақпен ..................................................... .
  4. Айнұр кеше біздің үйге балаларымен ......................................... .
  5. Кеше түстен кейін ол әйелімен бірге .......................................... .
  6. Қолыңды сабынмен....................................................................
  7. Телефонмен кіммен ..........................................................?
  8. Ол бізбен бірге .............................................................................

 

10. Мәтінді оқыңыздар. Аударыңыздар.

 

Досыммен кездесу

 

Менің достарым өте көп. Бос уақытымда достарыммен кездесу үлкен қуаныш. Алдыңғы күні Тұңғыш Президент саябағында Айдармен кездестім. Бұл кездесу кездейсоқ болды. Айдармен бірге университетте оқыдық. Студенттік шақты бірге өткіздік. Айдар 18 жасында Қазақстанның солтүстігінен келді. Ал мен Қазақстанның оңтүстігінен 17 жасымда келдім. Мен Айдардан бір жас кішімін. Екеуміз де Алматы қаласына келген сәттен таныспыз.

Айдар университетті өте жақсы бітірді, студент кезінде қоғамдық жұмыстарға қатысты. Ол менің ең жақын достарымның бірі. Адал дос, бүгінде тамаша отбасы, қамқоршы әке. Төрт баланың әкесі. Астана қаласында үлкен фирманың басшысы болып жұмыс істейді.

Біз бір жыл бұрын Ақтауда кездестік. Содан бері телефон арқылы сөйлесіп жүрдік. Айдар менің өте жақын досым.

Айдармен бірге саябақта біраз қыдырдық. Ауа-райы да тамаша еді, түске қарай күн суытты, сондықтан  біз дәмханаға бардық. Дәмханада қазақтың ұлттық сусыны қымыз ішіп, ыстық бауырсақ жедік. Көп әңгімелестік. Бір-бірімізді сағынып қалыппыз.

Айдар отбасымен бірге кеше біздің үйге қонаққа келді. Енді балаларымыз бір-бірімен таныс болды. Олар қуанып, жақсы ойнады. Біз бірге тамақтандық, түстен кейін қаланың сыртындағы саяжайға бардық. Саяжайдан кешке қарай қалаға келдік. Айдар кеше түнде Астанаға кетті.

Айдармен өткен демалыс естен кетпес, тамаша кездесу болды. Демалысты керемет өткіздік.

Жазда отбасыммен Астанаға барамыз.

 

1) Мәтіндегі жаңа сөздерді теріп жазыңыз. Напишите новые слова из текста.

2) Белгіленген сөздердің аудармасын айтыңыз. Скажите переводы выделенных слов.

3) сұрақтарға жауап беріңіздер:

 

- Екі дос қайда кездесті?

- Бұл қандай кездесу?

- Екі дос мектепте бірге оқыған ба?

- Олар кездесуден кейін не істеді?

- Екі достың кездесуі қалай өтті?

- Олар қайда барды?

- Бұл демалысты қалай атауға болады?

- Айдар қандай дос?

 

Үй тапсырмасы:

 

1)   Сіз досыңыз туралы не айтасыз?

2)   Дос туралы қандай мақал білесіз?