1. Тіл ширату.
1) Үлгі бойынша сұхбатты толықтырыңыз (-сын/-сін):
Үлгі: - Бүгін маған кім көмектеседі?
- Асқар көмектессін.
– Ертең Алмас Шымкентке кетеді. - Жоқ, ол бүгін ............ . |
- Ертең жиналыста кім сөйлейді? - Әмина .................... |
- Мына мәтінді қазақ тіліне кім аударады? - Абзал ................................. |
- Ертең университет жұмыс істемейді. - Онда студенттер сабаққа ........... . |
- Балаларға теледидар көруге бола ма? - Иә, ...................... |
- Біздің қызымыз музыка мектебін бітірді. Ол пианинода жақсы ойнайды. - Онда ол консерваторияға .............. . |
2) Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз
Ты можешь идти в гости.
Помогите мне, пожалуйста!
Не уходи!
Днем не спи
Пожалуйста, будь здесь.
Не стойте, пожалуйста, здесь.
Пусть, он скажет.
Пусть, дети играют
Пусть, сотрудники изучают казахский язык.
Грамматика на конструкциях.
№1
Желательное наклонение в будущем времени Менің опера тыңда-ғы+м Сенің коньки тебуді үйрен-гі +ң Сіздің семинарға қатыс-қы+ңыз келеді /келмейді Оның магистратураға түс-кі+сі Біздің пікірімізді айт-қы+мыз
Желательное наклонение в настоящем времени Менің кофе іш-кі+м Оның балмұздақ же-гі+сі Сіздің тамақ іш-кі+ңіз келіп тұр/ келіп отыр/ келіп жүр Оның кет-кі+сі келмей тұр/ келмей отыр/ келмей жүр Біздің ұйықта-ғы+мыз
Желательное наклонение в прошедшем времени Менің айт-қы+м Сенің сатып ал-ғы+ң келді/ келмеді Оның демал-ғы+сы |
! Основа глагола + суффиксы ғы/гі, +қы/кі + (притяжательные окончания)+ вспомогательный глагол кел в третьем лице для трех видов времени (настоящего, прошедшего, будущего) = выражает желание либо нежелание производить действие, намерение говорящего. ! Отрицательная форма образуется при помощи отрицательного суффикса –ме, который присоединяется к корню глагола кел. Сравните: Менің сенімен сөйлес-кі-м келеді. Ал менің сенімен сөйлес-кі-м кел-ме-й-ді. Сіздің бар-ғы-ңыз келе ме? Жоқ, менің бар-ғы-м кел-ме-й-ді. Оның үйге қайт-қы-сы кел-ді. Оның дүкенге бар-ғы-сы кел-ме-ді. |
Так говорят // Сөйлеу үлгісі
Вопрос -> Ответ
Модель 1: – Жанат, менің тамақ ішкім келді, сенің ше?
– Менің де тамақ ішкім келіп тұр, асханаға барайықшы.
– Жүр, бірге барайық.
Модель 2: – Ертең бізде жиналыс болады екен. Менің қатысқым келмейді.
– Менің де барғым келмейді.
Модель 2: – Менің ағылшын тілін үйренгім келіп жүр.
– Ағылшын тілі курсына жазылу керек.
Жұмыста
- Демалысқа қашан шығасың? |
- Менің жазда демалғым келеді, теңізге барғым келеді. |
Дома
- Балам, болашақта кім болғың келеді? |
- Әке, мен ұшқыш болғым келеді. Менің ұшқыштар училищесіне құжат тапсырғым келеді. |
4. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды жалғаңыз.
Менің сізді осы кісімен таныстыр...+... келеді. Біздің емтихан тапсыр...+... келеді. Сенің құрбыңды күтіп ал...+... келмей ме? Сендердің саябаққа бар...+... келе ме? Сіздердің демал...+... келеді. Олардың қазақша ән тыңда...+... . келіп тұр. Бүгін жиналысқа бар...м келмейді.
5. Дұрыс аудармасын табыңыз.
Әпкеме гүл сатып алғым келеді. |
Хочу стать врачом |
Суретке түскім келмейді. |
Мы хотим посмотреть фильм «Кочевники» |
Ағам қызына кәмпит сатып алғысы келеді. |
Брат хочет купить дочери конфеты. |
Ол біздің оқытушымызбен сөйлескісі келді |
Я хочу купить сестре цветы |
Біз «Көшпенділер» фильмін көргіміз келеді. |
Я не хочу фотографироваться. |
Мен табиғатты суретке түсіргім келеді |
Я хочу сфотографировать природу |
Үйге қайтқым келіп тұр. |
Он хотел поговорить с нашим преподавателем. |
Жұмысқа кешіккім келмейді. |
Хочу вернуться домой. |
Дәрігер болғым келеді. |
Не хочу опаздывать на работу |
№2
шетел+дегі ғылым+дағы сөздік+тегі сертификат+тағы компания+дағы |
жоғары оқу орындары жаңалықтар терминдер баға қызметкерлер |
! Имя существительное + суффиксы-тағы/-тегі, дағы/-дегі = обозначает выражение «тот, который находится», «тот, который принадлежит»: үстелдегі кітап (книга, которая на столе), кабинеттегі адамдар (люди, которые в кабинете), мектептегі балалар (дети, которые в школе), шетелдегі әріптестер (зарубежные коллеги). |
Так говорят // Сөйлеу үлгісі
Вопрос -> Ответ
Модель 1: – Сен қайда оқисың?
– Мен Астана қаласындағы «Тұран» университетінде оқимын.
Модель 2: – Биыл қайда демалдың?
– Сарыағаштағы «Жансая» шипажайында демалдым.
Сөйлеп үйренеміз
Сізге не керек еді? |
Вы что-то хотите? |
Менің білгім келеді. |
Я хочу знать |
Ештеңе істегім келмейді. |
Ничего не хочу делать |
Асықпаңыз! |
Не спешите! |
Көңіл бөлмеңіз! |
Не обращайте внимания! |
Қобалжымаңыз! |
Не волнуйтесь! |
Бұл туралы ойламаңыз. |
Не думайте об этом |
Ештеңе ойламаңыз. |
Ни о чем не думайте |
Қорқатын ештеңе жоқ. |
Ничего страшного |
Жауап
Биыл оқуға түскің келе ме? |
В этом году хочешь поступить? |
Иә, биыл құжат тапсырғым келеді |
Да, в этом году хочу сдать документы |
Менің сенімен сөйлескім келеді |
Я хочу поговорить с тобой |
Тек бүгін емес |
Только не сегодня |
Неге үндемей отырсың? |
Почему ты молчишь? |
Жауап бергім келмейді |
Я не хочу отвечать |
Сен де бірдеме айтсаңшы... |
Ты тоже скажи что-нибудь |
Менің араласқым келмейді. Олар өздері шешсін |
Я не хочу вмешиваться. Пусть они решают сами |
Қазақша сөйлеп үйренеміз
Менің шахмат үйренгім келіп жүр. |
Я хочу научиться играть в шахматы |
Оның көп нәрсе білгісі келеді. |
Ему хочется многое узнать |
Менің бірдеме жегім (жүрек жалғап алғым) келіп тұр. |
Я хочу что-нибудь поесть (немного перекусить). |
Менің Қазақстанда оқығым келді. |
Я хочу учиться в Казахстане |
Менің ешқайда барғым келмейді. |
Никуда я не хочу идти |
6. Мәтінді оқыңыздар.
Астана
Мемлекетіміздің астанасы – Астана қаласы. 1998 жылға дейін астанамыз Алматы қаласы болды. Астананы ауыстыру көптеген экономикалық, саяси, демографиялық, географиялық жағдайларға байланысты туындады.
1998 жылдың 1 маусымында Қазақстанның жаңа астанасы Астана қаласының тұсаукесері болды. Астананың өзгеруін Қазақстан халқы, әлемдік қауымдастық жылы қабылдады.
Қазір Астана құрылысы шапшаң жүруде. Аз уақыт ішінде Президенттік Мәдени орталық, Конгресс-холл, Мәдениет сарайы, Л.М. Гумилев атындағы Еуразия университеті, халықаралық деңгейдегі мейманханалар, тұрғын үй кешендері, Абай мен Кенесары ханға ескерткіштер орнатылды. Қаланың ортасынан өтетін Есіл өзенінің жағалауы көркейтілді. Ақ Орда, Нұр Астана мешіті, «Бейбітшілік пен келісім» сарайы, «Қазақстан халықтар достығы» монументі, «Бәйтерек» мұнарасы, жаңа алаңдар мен саябақтар бой түзеді. Есілдің оң жағалауында тұтас тұрғын үйлер, Үкімет пен Парламентке арналған әкімшілік ғимараттары, Президент Резиденциясы, министрлік үйлер салынды.
Көз алдымызда Астана Қазақстанның ең көркем қаласына айналды.
Сөздік:
Туындау – зарождаться Тұсаукесер – презентация Қауымдастық – сообщество Құрылыс – строительство Шапшаң – быстро Халықаралық – международный Деңгей – уровень Тұрғын үй – жилой дом |
Кешен – комплекс Орнату – 1. Воздвигать, 2. Устанавливать Жағалау – побережье, берега Көркейту – благоустройство Мұнара – башня Әкімшілік – административный
|
7. Сұрақтарға жауап беріңіз:
Астана қаласының тұсаукесері қашан болды
Есілдің оң жағалауында нелер салынды?
Мемлекетіміздің астанасы қай қала?
Астана құрылысы қалай жүруде?
Астананың өзгеруін Қазақстан халқы, әлемдік қауымдастық қалай қабылдады?
1998 жылға дейін астанамыз қай қала болатын?
Есіл өзені қай жерден өтеді?
Аз уақыттың ішінде қандай нысандар салынды?
Көз алдымызда Астана қандай қалаға айналды?
Астананы ауыстыру қандай жағдайларға байланысты туындады?
Үй тапсырмасы
Әлия: - Мен биыл құжаттарымды «Болашаққа» тапсырғым келеді. Жаннұр: - Болашаққа? Қайда түскің келеді? Әлия: - Кореяға, «Биотехнология» мамандығына тапсырғым келеді. Жаннұр: - IELTS тапсырдың ба? Әлия:- Иә, биыл қазан айында тапсырдым. Жаннұр: - Қанша балл алдың? Әлия:- Жеті балл алғым келді, бірақ алты жарым алдым. Жаннұр: - Ол да жақсы. Ал мектепті қандай бағалармен бітірдің? Әлия: - Бағаларым негізінен бес. Жаннұр: - Болашақта неше сабақтан емтихан тапсырасың? Әлия: - Үш сабақтан тапсырамыз. Жаннұр: - Бір орынға неше адам? Әлия: - Бір орынға алты адам және өту балы өте жоғары. Жаннұр: - Қорықпа, түсесің. Ең бастысы дайындалу керек. Әлия: - Рақмет.
|
Алия: - Я в этом году хочу сдать документы на «Болашак». Жаннур:- Куда хочешь поступить? Алия:- В Корею, хочу сдать по специальности «Биотехнология». Жаннур: - А ты IELTS сдала? Алия:- Да, я сдавала в октябре этого года. Жаннур:- Сколько баллов набрала? Алия: - Хотела сдать на 7 баллов, но набрала 6,5. Жаннур:- Тоже хорошо. А с какими оценками ты закончил школу? Алия: - У меня в основном пятерки. Жаннур: Сколько вступительных экзаменов сдаете? Алия: - Сдаем три экзамена Жаннур: - А сколько человек на место? Алия: - У нас шесть человек на место, проходной балл очень высокий. Жаннур: - Не бойся, ты поступишь. Самое главное, надо подготовиться. Алия: - Спасибо!
|