1. Тіл ширату. Қазақ тілінің дыбыстар жүйесіне мән беріңіз.
1) Халық айтады....
- Бір адам көп адамға сәлем беруі керек.
- Ат үстінде тұрып сәлем бермейді.
- Атты адам жаяу адамға сәлем беруі керек.
- Келе жатқан адам отырған адамға сәлем беруі керек......
2) Мақалдарды дұрыс оқыңыз және мағынасын айтыңыз.
Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді.
Сәлем – сөз атасы.
Сәлем – сөз анасы.
3) Оқыңыз. Есте сақтаңыз!
Сәлеметсiң бе? Сәлеметсiз бе?
Амансың ба? Амансыз ба?
Қал қалай? Қалыңыз қалай?
Қалдарың қалай? Қалдарыңыз қалай?
Қал-жағдайың қалай? Қал-жағдайыңыз қалай?
Назар аударыңыз!
Ер адамдар арасында сәлемдесудің түрі мен ерекшелігі: Ассалаумағалейкүм! Уағалейкүмассалам!
При общении часто задаются общие вопросы: о делах, обстоятельствах и состоянии собеседника. Добейтесь четкого и плавного произношения этих фраз.
Выражения речевого этикета |
Перевод |
Комментарии |
Сізді көргеніме өте қуаныштымын! Сізді көргенім қандай жақсы болды! |
Очень рад(а) вас видеть! Как хорошо, что я вас увидел(а)! |
Выражение радости при встрече |
Қалың(ыз) қалай? Жұмысың(ыз) қалай? Отбасың(ыз) қалай? |
Как дела? Как работа? Как семья? |
Широко распространенное осведомление о жизни при приветствии |
Денсаулығың(ыз) қалай? Көңіл-күйің(із) қалай? |
Как здоровье? Как настроение? |
Осведомление о здоровье при приветствии, адресованное человеку, который болел, болен, или пожилому, старому. |
Не жаңалық бар? Қалай жүріп жатырсың? |
Какие новости? Как идут дела? |
Дружеское, непринужденное осведомление о жизни, адресованное хорошо знакомым людям, друзьям. |
Ответы на осведомление о жизни, здоровье,делах
Выражения речевого этикета |
Перевод |
Комментарии |
Жақсы. Рақмет, жақсы. Өте жақсы. Тамаша. Жаман емес. Бір қалыпты. Шүкір. Құдайға шүкір. Бәрі бұрынғыша. Айтарлық ештеңе жоқ. Ешқандай жаңалық жоқ. Өзің қалайсың? Өзіңіз қалайсыз? Өзің(із) ше? |
Хорошо. Спасибо, хорошо. Очень хорошо. Прекрасно. Не плохо. Нормально. Слава богу. Все по-старому. Ничего существенного. Никаких новостей нет. Как сам? Как сами? А ты/вы как? |
Наиболее употребительные |
2. Қоштасу/Прощание
Выражения речевого этикета |
Перевод |
Комментарии |
Сау бол(ыңыз)! |
До свидания! |
Наиболее употребительные |
Қош-сау бол(ыңыз)! |
Прощай(те)! |
|
Аман бол(ыңыз)! |
Будь(те) здоров(ы)! |
|
Көріскенше! |
Пока (увидимся)! |
|
Кездескенше! |
До встречи! |
2. Мәтінді оқыңыздар. Қазақ тілінің төл дыбыстарының дұрыс оқылуын көңіл бөліңіздер.
СӘЛЕМДЕСУ
Адамдардың бір біріне лебіз білдіруі сәлемнен басталады. Сәлемдесу тұрмыстық қатынастағы сөз басы. Сәлем сөз анасы, сөздің қасиеті.
Кішінің үлкенге сәлем беруі, үлкенді құрметтеуі, жастың ізеттілік білдіруі.
«Сәлемдесу», ағайынмен туысты, дос жаранды, іні мен ағаны, бала мен дананы, жарастыру ғана емес, ата салтын жалғастыру, алысты жақындату.
Сәлемдесудің ең басты шарты – жылы лебіз. Сәлемді селқос қабылдау, қолынның ұшын ғана беріп, кекірею, көргенсіздік белгісі.
3. Мәтіндегі жаңа сөздерді теріп жазыңыздар.
4. Мәтін бойынша жұмыс.
1) Қазақ тілінің үндестік заңына бағынбайтын сөздерді беріп жазыңыздар: құметтеу, ......
2) Лебіз, ізеттілік, селқос қабылдау, кекірею сөздерінің мағынасын түсіндіріңіз. Осы сөздер мен сөз тіркестеріне синоним сөздерді атаңыз.
Сөздік:
Сәлемдесу – здороваться Тұрмыстық қатынас – бытовое общение Құрмет – почет, уважение Ізеттілік – благовоспитанность, учтивость (вежливость) Шарт – условия Лебіз – пожелание Дана – мудрец |
Ата салт – обычай Жарастыру – сближать, примерять Жалғастыру – продолжать Дос-жаран – друзья Көргенсіздік – невежество Селқос – равнодушно Қабылдау – принимать Белгі – знак |
Көптік жалғау. Есептік сан есім.
Көптік жалғаулар. Окончания множественного числа
|
добавляются к твердым гласным |
добавляются к мягким гласным |
|
Гласные и сонорные р, й, у |
- ЛАР |
- ЛЕР |
жұмысшы+лар мекеме+лер |
Звонкие з, ж и сонорные л,м,н,ң |
- ДАР |
- ДЕР |
қыз+дар өкім+дер |
Глухие и звонкие б,в,г,д |
- ТАР |
- ТЕР |
бұйрық+тар абонент+тер |
Формы множественного числа имен существительных образуются с помощью окончаний множественного числа –лар/лер, -дар/дер, -тар/-тер. Множественные категории имен существительных образуются тремя способами:
1. Слова, образованные прибавлением к основе или к производной основе множественных окончаний: –лар/лер, -дар/дер, -тар/-тер. Например: басшы+лар, қызметкер+лер, маман+дар, бөлім+дер, бастық+тар, көлік+тер.
2. 1. При помощи парных слов образуются собирательные, группирующие, обобщающие понятия. Например: ата-ана, бала-шаға, ауыл-аймақ, ыдыс-аяқ, азық-түлік;
2.2. Существительные, стоящие после таких слов как көп, аз, біраз, біршама, бірталай, бірнеше, қыруар могут не принимать окончаний множественности. Например: көп қызметкер, біраз кісі, біршама кітап, бірталай ән, бірнеше зат, қыруар жұмыс, т.б.
2.3. Если существительное сочетается с предшествующим ему количественным числительным, то оно не принимает окончаний множественности. Например: бес маман, үш кітап, жиырма қызметкер, елу әріптес.
3.1. Названия различных однородных предметов, которые не подлежат счету, воспринимаются во множественном числе. Например: су, ауа, жер, қар, тұз, нан, су, сүт, айран, ет, т.б.
3.2. Названия растений не принимают окончаний множественности. Например: арпа (ячмен), сұлы (овес), бидай (пшено), мақта (хлопок), т.б.
Есте сақтаңыздар. Запомните.
В словах где есть и твердые и мягкие слоги, нужно ориентироваться на последний слог.
5. Мәтінді оқыңыздар.
Амандасу
Қазақ тілінде амандасудың (сәлемдесудің) түрі өте көп. Соның ішінде жас адам, жолы үлкен ер адамға алдымен ұмтылып, екі қолын кеудесіне қоя қусырып, «Ассалаумағалейкум» деп дауысын шығарып амандасады. Бұл арабша «Сізге Алланың нұры жаусын!» деген мағынаны білдіреді.
Егер жас адам қарияға жол үстінде кездессе, амандасудан кейін «Жолыңыз оң болсын» дейді. Қария «Әлей болсын» деуі керек.
Ауылдың бір адамы ұзақ сапардан оралса, мейлі ол жас болсын, оған ел адамдары барып амандасады. Халқымызда «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы қария сәлем береді» деген мақал содан шыққан.
Жас жігіт: – Ассалаумағалейкум, ақсақал!
Қария: – Уағалейкүмассалам, балам! Амансың ба балам? Қай баласың?
Жас жігіт: – Сіздің балаңыздың досымын. Атым – Ағыбай.
Қария: – Әке-шешең бар ма? Өзің қай жерденсің?
Ағыбай: – Әке-шешем бар. Олар Ерейментауда тұрады. Әкемнің аты – Келден, шешемнің аты – Зәйдін.
Қария: – Руың кім? Мұнда не жұмыспен жүрсің?
Ағыбай: – Руым – арғын, ата. Мен Астанада «Руханият» орталығында жұмыс істеймін.
Қария: – Жасың нешеде? Әйелің, бала-шағаң бар ма? Қазір қайда тұрып жатырсың?
Ағыбай: – Жасым отыз сегізде. Әйелім, екі балам бар. Қазір «Көктал» кентінде тұрамын.
Қария: – Біздің үйге келіп тұр, балам.
Ағыбай: – Рахмет, ата! Уақытым болғанда келіп тұрамын. Қош-сау болыңыз!
Сөздік:
қал-жағдайыңыз қалай? – как у Вас дела? танысайық – познакомимся жолдас – друг, товарищ жас адам – молодой человек жолы үлкен – почетный человек (обладающий большими привелегиями) ер адам – мужчина Алланың нұры жаусын – пусть Бог благословит мағына – смысл қария – дедушка Жолыңыз болсын! – Счастливого пути!
|
сапар – поездка оралу – вернуться мақал – пословица балаңыздың досымын – я друг вашего сына қай жерденсің? – ты откуда? ру – племя, род бала-шаға – дети орталық – центр әйелің – твоя жена кент – поселок уақыт – время
|
6. Мәтін не туралы? Мазмұндап беріңіздер.
7. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Жасы үлкен ер адамға қалай амандасу керек?
2. «Ассалаумағалейкум» деген қандай мағынаны білдіреді?
3. Ұзақ сапардан оралған адамға байланысты қандай мақал білесіз?
4. Ағыбайдың отбасы туралы әңгімелеп бер.
5. «Ру» жайында не білесіз?
8. Қазақ тіліндегі жуан, жіңішке жіне аралас сөздер жайында не білесіздер?
1) «Сәлемдесу», «Амандасу» мәтіндері бойынша жуан, жіңішке және аралас сөздерді кестеге толтырып жазыңыздар.
жуан сөздер |
жіңішке сөздер |
аралас сөздер |
Амандасу, ............
|
Сәлемдесу, .......
|
Құрметтеу, ..... |
9. Үй тапсырмасы.
І. «Сәлемдесу» мәтіні бойынша келесі сұрақтарға жауап беріңіздер:
1) Адамдардың бір-біріне лебіз бірдіруі неден басталады?
2) «Сәлемдесу» туралы не айтасыздар?
3) Сәлемдесудің басты шарты не?
4) Сәлемдесуді дұрыс қабылдамайтын адам туралы не айтасыз?
5) Сәлемдесудің қандай түрлерін білесіз?