2-сабақ (уровень A2). Танысу

1289 просмотров Добавлено 9 июля

1.    Тіл ширату.

 

1)   Төмендегі сұрақтар бойынша жауып беріңіздер –  

 

2)   Сіз білетін «сәлемдесу», «қоштасу» түрлерін атаңыз.1

3)    Төмендегі мақалды оқып, мағынасын ашыңыз. Қандай жағдайда осындай мақал айтылады деп ойлайсыз.

Сақтықта қорлық жоқ,

Сәлемде зорлық жоқ

 

Бір көрген – таныс,

Екі көрген – туыс.

 

Таныс

Танысу

Таныстыру

Танысайық,

Таныс болайық

Танысып қой 

Знакомый

Знакомиться

Познакомить

Давайте познакомимся

 

Познакомься

 

 

2.    Оқыңыз. Есте сақтаңыз!

 

Менің ат+ЫМ, есім+ІМ, отбасы+М

Сенің ат+ЫҢ, есім+ІҢ, отбасы+Ң

Сіздің ат+ЫҢЫЗ, есім+ІҢІЗ, отбасы+ҢЫЗ, (-ҢІЗ)

Оның ат+Ы, есім+І, отбасы+0

 

Біздің ат+ЫМЫЗ, есім+ІМІЗ, отбасы+МЫЗ, (-МІЗ)

Сендердің ат+ТАРЫҢ, есім+ДЕРІҢ, отбасы+ЛАРЫҢ, (-ЛЕРІҢ)

Сіздердің ат+ТАРЫҢЫЗ, есім+ДЕРІҢІЗ, отбасы+ЛАРЫҢЫЗ,

                                                                                    (-ЛЕРІҢІЗ)

Олардың ат+Ы/ТАРЫ, есім+І/ДЕРІ, отбасы+/ЛАРЫ

 

3.    Төмендегі сөздерге тәуелдік жалғауларын жалғаңыздар.

Таныс, дос, жолдас, қызметкер

 

4.    Сөз орамдары / Выражения речевого этикета

 

Танысайық.                                           – Давайте, познакомимся.

Таныс болайық.                                    – Будем знакомы.

Сізбен танысуға бола ма?                     – Можно с вами познакомиться?

Сенiң атың (есімің) кiм?                       – Как тебя зовут?

Сiздiң атыңыз (есіміңіз) кiм?               – Как вас зовут?

Сенiң аты-жөнiң кiм?                          – Как твое имя-отчество?

Сiздiң аты-жөнiңiз кiм?                         – Как ваше имя-отчество?

Менiң атым /есiмiм/                              – Меня зовут

Менiң аты-жөнiм                                  – Меня зовут (мое имя-отчество)

Оның аты /есiмi, аты-жөнi/ кiм?           – Как его зовут?

Оның аты /есiмi, аты-жөнi/                   – Его зовут

Танысып қойыңыз, ...                           – Знакомьтесь ...

Таныстыруға рұқсат етіңіз.                 – Разрешите вас познакомить.

Танысқаныма қуаныштымын!             – Рад(а) познакомиться!

Мен де танысқаныма қуаныштымын! – Я тоже рад(а) познакомиться.

 

Назар аударыңыз. / Обратите внимание.

 

Сілтеу есімдіктері/ 

Указательные местоимения:

мынау, бұл, осы – это, этот

анау, ол, сол – тот, та

 

5.    Мәтіндерді оқыңыздар.

Танысу

 

І. Мен Таңатармын. Тегім – Ертай. Мен жиырма үштемін. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ филология факультетінің 4-ші курс студентімін.

Менің әке-шешем бар. Біздің отбасымыз өте үлкен: атам, әжем, әкем, шешем, бір ағам, екі інім, қарындасым және мен. Астана қаласында тұрамыз. Атам және әжем – зейнеткер. Әкем – есепші. Шешем – мұғалім. Ағам – қызметкер. Інілерім мектепте оқушы. Қарындасым – балабақшада. Біздің үйіміз бес бөлмелі. Отбасымыз жақсы және тату.

 

Сөздік

танысу – знакомство, знакомиться

атындағы – имени

ұлттық – национальный

зейнеткер – пенсионер

мұғалім – учитель

қызметкер – сотрудник, служащий

оқушы – ученик

есепші – бухгалтер

отбасы – семья

балабақша – детский сад

бөлме – комната

тату – дружный

 

Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Таңатар қайда оқиды?
2. Ол қай қалада тұрады?
3. Отбасында неше адам бар?
4. Өз отбасыңыз туралы әңгімелеп беріңіз.

 

 

ІІ. Астана қаласында өтетін жиналысқа жер-жерден делегаттар қатысатын болғандықтан, бізге Ресейден келетін делегаттарды күтіп алу жүктелген еді. Оларды күтіп алып, таныса бастадық.

Қарсы алушылар: Сәлеметсіз бе? Қал-жағдайыңыз қалай? Шаршаған жоқсыз ба?

Жолаушылар: Сәлеметсіздер ме? Рахмет, жақсы.

Қарсы алушылар: Сіздер делегатсыздар ма? Танысайық. Менің аты-жөнім – Ерлан Аманұлы Болат. Мына кісі – жолдасым Әбенұлы Азат Оспан.

Жолаушылар: Менің аты-жөнім – Сидоров Алексей Иванович. Мен – Иванов Анатолий Алексеевичпін. Ресейденбіз.

Ерлан: Жақсы, кейін толығырақ танысамыз. Қазір машинаға жүріңіздер.

 

Сөздік

жиналыс – собрание

күтіп алу – встречать

танысу – знакомиться

шаршау – усталость

жолдасым – друг

кейін – потом

 

Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Делегаттар қай жерден келді?
2. Делегаттарды кімдер күтіп алды?
3. Ерланның жолдасының аты-жөні кім?
4. Ресейден неше адам келді?
5. Ерлан Аманұлы кіммен танысты?
6. Ерлан Аманұлы делегаттарды кіммен таныстырды.

 

7.    Үй тапсырмасы:

Мәтіндер бойынша тапсырмаларды орындаңыздар.

І. Таңатар айтады:

 

Менің отбасы....     бар. Біздің отбасы....... үлкен. Ата... және әже... – зейнеткер. Іні.... мектепте оқушы. Қарындас... – балабақшада. Біздің үй... бес бөлмелі. Отбасы... жақсы және тату.

 

ІІ. Сөйлемдерді толықтырыңыздар:

 

Ресейден келетін делегаттарды......

Қонақтарды күтіп ....

Делегаттармен.....

Делегаттарды күтіп алу....

таныса бастадық

жүктелді

күтіп алу

алдық

 

 

ІІІ. Неліктен қазақтар «Адам бір-біріне қонақ», дейді. Осы тақырыпқа шағын әңгіме жазыңыздар.