7-сабақ (уровень A2). Кім бұрын не істейтін?

887 просмотров Добавлено 9 июля

1.    Тіл ширату. Оқыңыз

 

Қарай, орай, дейін, шейін шылауларын қолдана отырып бағыт, мекенді білдіретін сөйлемдер құраңыздар.

 

ЖОСПАР

 

Грамматика:  V+ -атын/-етін/-йтын/-итін/,-ар/-ер/-р

 

Лексикалық тақырып: БАЛАЛЫҚ ШАҚ ЖӘНЕ ӨНЕР

 

Оқыңыз, қызық!  Қазақ халқының қолөнері

 

 

Мен бала кезімде атаммен шахмет ойнайтынмын, ал қазір әкеммен ойнаймын.

Болашақта мүмкін өз баламмен шахмат ойнармын

 

 

 

 

 

 

1.    Тыңдаңыз, қайталаңыз, оқыңыз.

 

Мен ойнайтынмын

Біз ойнамайтынбыз

Сен ойнайтынсың

Сендер ойнамайтынсыңдар

Сіз ойнайтынсыз

Сіздер ойнамайтынсыздар

Ол ойнайтын

Олар ойнамайтын

 

Мен ойнамайтынмын

Біз ойнамайтынбыз

Сен ойнамайтынсың

Сендер ойнамайтынсыңдар

Сіз ойнамайтынсыз

Сіздер ойнамайтынсыздар

Ол ойнамайтын

Олар ойнамайтын

 

2.    Диктант

 

3.    Сөйлемдерді толықтырыңыз.

Мен бұрын саяхатқа жиі бар..., қазір бос уақытым аз. Қазақ халқы бұрын Наурыз мерекесінде көп ұлттық ойындар ойна... . Сіз бала кезіңізде спорттың қай түрімен шұғылдан...? Менің досым бұрын тауға барып демалғанды ұнат..., қазір бос уақыты болса, боулинг ойна     йды. Біз бала кезімізде асық ойна... . Біздің ауылда шеберлер күмістен сырға, сақина жаса...,  ал ағаш ұсталары сандық, түрлі ыдыс-аяқ жаса... .

 

4.    Сұрақтарға жауап беріңіз

Үлгі: - Сіз коньки тебе аласыз ба?

        - Мен бұрын коньки тебе алатынмын,қазір білмеймін, (тебе алмаймын).

 

- Сіз шаңғы тебе аласыз ба?

- .....

- Сен испанша сөйлей аласың ба?

- ...

- Сіз ән айта аласыз ба?

- .....

- Сіз күйсандықта ойнай аласыз ба?

- ...

- Сен билей аласың ба?

- ...

- Сен дәмді торт пісіре аласың ба?

- ...

 

5.    Мәтінді оқыңыз.

 

Біз бала кезімізде көрші балалармен дос болдық. Біз бірге көп ойнайтынбыз. Көбінесе асық пен доп ойнайтынбыз. Асық – қазақ халқының ұлттық ойыны. Асық ойнау үшін әр балада 5-6 асық болу керек. Асық ойнағанда көбінесе үлкен балалар көп жеңетін. Ал футбол ойнағанда, жасы үлкендеу балалар мен жасы кішілеу балалар аралас команда құрып ойнайтынбыз. Қыздар асық ойнамайтын. Олармен анда-санда волейбол мен баскетбол ойнайтынбыз. Әдетте кішкентай қыздар қуыршақ ойнап, үлкендеу қыздар велосипед тебетін.

Жазда таңғы ас ішкеннен кейін, ауылдың жанындағы өзенге барып шомылатынбыз. Өзеннің жанында күні бойы болатынбыз. Суға түсіп, жағада күнге қыздырынып, күн батқанша жүретінбіз. Кешке шаршап үйге келіп, ұйықтап қалатынбыз. Ал қыста, көбінесе шанамен сырғанайтынбыз. Қатты суық болғанда коньки де тебетінбіз. Міне, осылай балалық шағымыз қызықты өтетін.

Кейін ол достарымның барлығы университтетте оқыды. Қазір кейбіреулері өнер саласының, кейбіреулері экономика саласының мамандары. Ал екі досым әдебиетші. Бәрі өте тамаша азамат болып өсті.

Қазіргі балалар, меніңше, көп уақытын компьютер алдында өткізеді. Ол дұрыс деп ойламаймын. Бір-бірімен көп араласпайды, бірге ойнамайды, бір-бірімен бетпе-бет сөйлеспейді, тек телефонмен түрлі хабарламалар арқылы сөйлеседі. Кейде кіммен сөйлесіп отырғанын да білмейді. Менің ойымша, бұл да дұрыс емес.

 

Тапсырма.

 

1. Мәтінге ат қойыңыз.
2. Мәтіннің мазмұнын айтып беріңіз
3. Өзіңіздің балалық шағыңыз қалай өтті, сіз көбінесе не істейтінсіз, айтыңыз.
4. Қазір бала кезіңіздегі достарыңыз не істеп жүргенін айтыңыз. Олардың кезіндегі армандары орындалды ма? Бала кезінде олардың неге қабілеті бар еді? Олар нені жақсы істей алатын еді?